№1 зертханалық жұмыс. «Иммобилизациялаудың ферменттер белсенділігіне әсерін зерттеу»

Мақсаты: зат-ингибитор әсерінен ферменттердің катализдік белсенділігінің төмендеуіне немесе тоқтауына көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар: дистилденген су, сутек пероксиді, кір жуатын ұнтақ (ПАВ ерітіндісі – беттік белсенді заттар) және тұздардың 1%-дық ерітінділері, металдардың катиондары – мыс (CuSO4), қырыққабат немесе картоп шырыны (егер зертханалық жұмыс алдында дайындалатын болса, онда ұсақ үккіш және сүзгі қағазы (не сығу үшін дәке), су моншасы немесе спиртшам мен тигель, сынауықтар жиыны, тамшуырлар, колбалар не стақандар, қысқыш. Қолданылатын сынауықтардың саны пайдаланылатын реактив мөлшеріне байланысты. Егер кір жуатын ұнтақ ерітіндісі мен мыс тұзы қолданылатын болса, онда 12 сынауық; картоп шырыны үшін 6 және қырыққабат шырыны үшін 6 сынауық керек. Егер тек бір өсімдік шырыны, бірақ екі бірдей бейорганикалық реактивтер қолданылатын болса, онда 6 сынауық қажет. Егер зертханалық эксперименттер екі, үш рет тексерілетін болса, сынауық саны сәйкесінше 2–3 есе артық болуы керек.

  Жұмыс барысы

  1. Дайындалған қырыққабат шырынын дистилденген сумен 10 есе сұйылтып, 5 сынауыққа (шамамен 0,5–1,5 мл-ден) құйыңдар. Басқа 5 сынауыққа сумен 2–3 есе сұйытылған картоп шырынын құю қажет.
  2. 2 сынауыққа тигельде немесе су моншасында қайнатылған қырыққабат және картоп шырынының ерітіндісін құямыз.
 3. Қалған сынауықтарға қолда бар реагентті (мыс тұзын және кір жуатын ұнтақ ерітіндісін) құйыңдар. Барлық сынауықта шырын мөлшері бірдей болуын және реагент мөлшері шырынның 1/2 бөлігінен асып кетпеуін қадағалаңдар.
  4. Әрбір сынауықтарға 5 тамшыдан сутек пероксидін тамызамыз. Сынауықтардағы заттарды араластырыңдар.
  5. 3–15 минут бойы ерітіндідегі өзгерістерді (түсі, көпіру) бақылаңдар. Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.

  6. Берілген сұрақтарға жауап беруге тырысып көріңдер.
  1. Қайнаған соң фермент белсенділігінің тоқтау механизмі олардың ПАВ-пен не ауыр металдардың тұздарымен әрекеттескен соң белсенді болмау (иммобилизация) механизміне ұқсас деп есептейсіңдер ме?
  2. Сендердің «ферменттің белсенді орталығының» әдеттегі субстратқа қарағанда басқа затпен әрекеттесуі туралы түсініктерің қалай сәйкес келеді?
  3. Ауыр металл тұздарының химиялық құрамбөліктері «ферменттің белсенді орталығына» тұруы мүмкін бе?
  4. Зертханалық жұмыс барысында алынған эксперимент мәліметтерін пайдаланып, оны дәл анықтауға болады ма?
  5. Егер «ферменттердің белсенді орталығына ұқсастық» ауыр металдардың тұздарында оттекке қарағанда жоғары десек, олар ағзаға түскен кезде қалай болады?

×
×

Cart