Туған тілім – елдігімнің айғағы

Өлеңдегі көркем ойды толықтай түсінемін.

1. Түсініп оқы және пікір білдір.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың.

Мағжан Жұмабаев

3. Өлеңнің авторы туралы мәліметтерді түсініп оқы және әңгімеле.

Ана тілі

Мейлі, шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі, көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі,
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па, қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

Сенде емес пе, солардың бар ажары,
Орман үні, бұлағының таза әні.
Гүл, бәйшешек, көгорайдың жұпары,
Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма, ырысыңды, қорыңды
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын!

Ғафу Қайырбеков

3. Автор туралы әңгімеле.

Ғафу Қайырбеков
1928–1994

  • Қостанай облысы Торғай қаласында туған.
  • Жерді, елді сүюге арналған «Сарыарқа әуендері» атты кітабы бар.
  • «Ғафу Қайырбеков – әдебиет айдынында үздік еңбек еткен, қанатты жырларымен қалың оқырман қауымға кеңінен танымал шабытты ақын».

(«Тұлпар жырдың дүбірі» кітабынан)

4. Әр шумақтағы көркем ойды анықтау үшін сұрақтар дайындап, жауабын бір сөйлеммен тұжырымдаңдар.

5. «Ана тілім – күшім менің, қуатым» деген тақырыпта ойды жүйелі жалғастырыңдар (10 сөйлем).

Тапсырманы орындау шарты:

  1) бір оқушы бір сөйлеммен бастайды;
  2) екінші оқушы алғашқы оқушының айтқанын қайталап, өзі бір сөйлем қосады;
  3) үшінші оқушы алғашқы екі оқушының айтқанын қайталап, өзі де бір сөйлем мен ойын айтады.
  Осылайша жалғаса береді.

×
×

Cart