Шығарманың тақырыбын және
негізгі ойды анықтаймын.
1. Суретке зер сал. Қалай атар едің? Суретшінің ойын сөзбен жеткіз.
2. Мәнерлеп оқу үлгісіне назар аудар.
Идея – жазушының өмір туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасы. Тақырып пен идея ұқсас. Сен осы бөлімде Отан, туған жер тақырыбына жазылған бірнеше шығарманы оқыдың. Тақырып бір болғанымен, бұл шығармалардың идеясы әртүрлі болуы мүмкін: – туған жерге сүйіспеншілік; – туған жерге сағыныш; – Отанға деген мақтаныш т.б.
Қайран Қарасазым-ай!
Тамаша еді жазғы орман, Құстар сайрап, мәз болған. Көлшіктерде, суларда Үйрек ұшып, қаз қонған!
Шыбын-шіркей қаға ма, Шоршып судан ақ шабақ?! Таз тырна отыр жағада Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын, Еңкейеді суатқа. Елеңдетіп құлағын, Тыншымайды бірақ та.
Көкқұтандар көлбеңдеп, Көтеріле алмайды. Жалғыз-жалғыз ербеңдеп, Көк қояндар заулайды.
Мұздай суы атқылап, Ақ бастаулар қайнаған. Тана-торпақ шапқылап, Оқыралап ойнаған.