Абайдың табиғат лирикасы

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқимын, талдау жасаймын.

1. Жұмбақтарды шеш. Ортақ бір тақырып ойластыр. Тағы қандай жұмбақтармен толықтырар едің?

1. Қолы жоқ, сурет салады,
    Тісі жоқ, тістеп алады.
2. Терезеге қонады,
    Әсем ою ояды.
3. Отқа жанбас, суға батпас.
4. Қыста ғана болады,
    Ұстасаң, қолың тоңады.

«Қазақ жұмбақтары» кітабынан

Лирика – ақынның көңіл күйі, сезімі суреттелетін өлең-жырлар.

2. Жұмбақтардың шешуіндегі сөз қай жыл мезгіліне қатысты? Осы жыл мезгілін тағы қандай сөздермен сипаттауға болады?

3. Өлеңнің мәнерлеп оқу үлгісіне назар аудар.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.

Абай Құнанбаев

түйе жүнінен тоқылған сырт киім.

табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды адам кейпінде суреттеу.

4. Өлеңдегі кейіптеуді пайдаланып, адам бейнесіндегі қысты сипаттап айт.

5. Түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақтар дайындаңдар (3 сұрақ).

Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері – ерекше ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар. Бұлардың композициялық құрылысында да өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде әртүрлі ақындық бояу арқылы оқушының көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл-бәйшешекті, «көгорай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған «шыбынсыз жаз» да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солғын, сарғыш даласын шық басқан, сұрғылт күз де сонда… Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік-кәсібіне, шаруа жайына көшеді.

Зейнолла Қабдолов

ақынның табиғат құбылыстарын ерекше бір сезіммен суреттеуі.

әдебиеттанушы.

Абай суреттеген қыс қандай?

6. Мәтінге сүйеніп, толықтырып жаз.

Табиғат лирикасы – …

7. Абай суреттеген қатал қыстан қорғану іс-шараларының тізімін жасап көр. Суреттерді де пайдалан.

8. Абайдың басқа жыл мезгілдері туралы табиғат лирикасын хрестоматиядан оқуыңа болады.

×
×

Cart