Фотосинтез барысында өсімдіктерде қоректік заттар түзіліп, оттек бөлінеді, ауаны көмірқышқыл газынан тазартады. Қоректік заттардың арқасында өсімдіктер өсіп, дамиды. Өсімдіктер өсімдікқоректі жануарларға азық болады, ал өсімдікқоректі жануарлар – жыртқыштардың азығы.
Өсімдіктер жануарлар мекендейтін түрлі өсімдік қауымдастығын құрайды.
Елді мекендердегі өсімдіктер шаң, зиянды заттарды тұтып қалып, ауаны ылғалдандырады, шуды азайтады.