Өсімдіктер қалай дамиды?

өсімдіктердің тіршілік циклін сипаттай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады?
2. Өсімдіктің бір мүшесін ғана маңызды, қалғаны маңызды емес деуге бола ма? Неліктен?
3. Егер өсімдік өзінің бір мүшесінен айырылса, не болар еді?

Олжас топтық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер

  Мақсаты: Тұқымның өсімдік үшін неге маңызды екенін анықтау.
  Болжам жасаңдар
  Өсімдікке тұқым керек пе? «Егер өсімдіктерде тұқым болмаса, онда олар …» деген сөзбен бастап болжаңдар.
  Өз болжамдарыңды тексеріңдер
  1. Тұқымдарды (түсі, пішімі, көлемі) зерделеп қараңдар.
  2. Ыдысқа ылғалданған мақтаны салыңдар. Мақтаның үстіне бес тұқым қойып, бетін басқа мақтамен жабыңдар (оны да ылғалдау керек).
  3. Не болатынын қадағалаңдар. (Бірнеше күн бақылау керек).
  4. Тұқымдар бөрте бастағанда, оның біреуін алып, қабығын жартылай аршыңдар. Тұқымның ішінде не бар екен?
  5. Қорытынды жасаңдар. Нәтижелер сендердің болжамдарыңды растады ма?
  6. Қалған тұқымды одан әрі қарай бақылаңдар. Тұқымнан алғашқы өскіндер пайда болғанға дейін қанша уақыт өтетінін анықтаңдар.
  7. Неге тұқым өскін пайда бола салысымен өсіп кетпейді? Өз пікірлеріңді айтыңдар. Тұқымнан өскін пайда болу үшін не істеу керек?
  8. Жұмыстарыңның нәтижесін дәптерлеріңе жазыңдар.

Сызбаға қара. Тұқымнан өсімдіктің қалай дамитынын анықта.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Өсімдіктерді тұқымнан көбейтуге болады, алайда өсімдік көбейтудің басқа да жолдары бар.
  Мысалы, шегіргүлді жапырағынан көбейтуге болады. Ол үшін шегіргүл жапырағын кесіп алып, тамырлағанша суға салып қойып немесе бірден ылғалды топыраққа отырғызу керек. Біраз уақыттан кейін жаңа өсімдік өсіп шығады.
  Кейбір өсімдіктің жапырағының шетінде кішкентай жапырақшалар – өркендері пайда болады. Олар топыраққа түссе, тамырланады. Олардан жаңа өсімдік өсіп шығады. Мысалы, каланхоэ өсімдігі осындай.

Тұқымнан немесе басқа жолмен жаңа өсімдіктің өсуі көбею деп аталады.

Сызбаға қараңдар. Өсімдіктердің көбею тәсілдерін анықтаңдар.

Сабақты қорытындылау

  1. Жаңа өсімдікті қалай өсіруге болады?
  2. Өсімдіктердің көбею тәсілдерін түсіндіріп айт.
  3. Бөлме өсімдігінің біреуін алып, өзің білетін бір тәсілмен көбейтіп өсіріп көр. Жұмысыңды сыныптастарыңа айтып бер.

×
×

Cart