Музыка уақыт толқынында

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Көрұғлы

Дәулеткерейдің күйі

   Батыр Көрұғлы туралы естідің бе? Өзіңе таныс қазақ батырлары Алпамыс, Қобыланды сияқты Көрұғлы да елін, жерін жаулардан қорғаған батыр. Көрұғлы батыр туралы жыр-терме, күйлер де бар. Батыр ерлігін күй арқылы жеткізген композиторлардың бірі – күйші Дәулеткерей.

• Күйші Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін жеке орындауда тыңда.
• Күйдегі берілген батырдың бейнесін сипатта (Мысалы: нәзік – күшті, жігерлі – жасық, қаһарлы – ашулы).
• Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін домбырада ғана емес, бүгінгі күні оркестрдің, эстрадалық ансамбльдің орындауында да тыңдауға болады. Әлемге әйгілі «Ұлытау» эстрадалық ансамблінің орындауында «Көрұғлы» күйін тыңда.
• Күйдің жеке домбыра мен эстрадалық ансамбльдің орындауындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ата.

2-тапсырма. Талқылау.

• Суретке қарап, Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін жеткізушілерді қандай уақыт кезеңдеріне жатқызар едің (бұрынғы, бүгінгі, болашақ)?
• Саған бүгінгі күнгі эстрадалық нұсқадағы «Көрұғлы» күйін орындау ұнады ма?
• Болашақта «Көрұғлы» күйін қандай аспаптар арқылы жеткізер едің (домбыра, синтезатор, скрипка, гитара)?

   Эстрадалық музыка – көпшілікке арналған тыңдауға жеңіл музыка.

3-тапсырма. Суырыпсалма.

• «Көрұғлы» күйінің эстрадалық нұсқасына суырыпсалма жаса.

Екі топқа бөлініп, төмендегі үлгідегі ноталарды -дың буынымен орындаңдар.

Бірінші топ

Екінші топ

   Мына таңба   музыкада төрттік пауза деп аталады. «Пауза» грек тілінен аударғанда үнсіздік, уақытша үнсіздік дегенді білдіреді. Музыкадағы пауза да үзіліс жасау, тыныс алу белгісі ретінде қолданылады. Паузадағы ұзақтықты санау нота ұзақтықтарын санаумен бірдей. Мысалы: Төрттік пауза 1-еуге саналады. Жартылық пауза 1-еу, 2-еуге саналады.

4-тапсырма. Таныстыру.

• Топтық жұмыстарыңды таныстыр.

5-тапсырма. Орындау.

Мәңгілік ел жастары

Өлеңін жазған: Ә. Дүйсебек
Әнін жазған: Ш. Мырзамұратов

Ұлы Дала жеріммен ,
Қыран ұшқан көгіммен
Елім менің қарайды
Болашаққа сеніммен .

Қайырмасы:
Жасампаз ел жастары
Жаңа өмір бастады.
Биік болсын әрқашан
Арманыңның асқары!

Көк Түріктің ұрпағы,
Тұран дала тұлпары.
Ата берсін арайлап
Болашақтың нұр таңы!

Жарқырап нұр төгілген
Қазағымның көгінен.
Елім менің көрінді
Өркениет төрінен .

Қайырмасы:

• Әнді жігерлі, сөз мазмұнына мән бере орында.
• Өз болашағыңды қалай елестетер едің?

×
×

Cart