Көнеден жеткен жетіген

1-тапсырма. Ақпарат іздеу және тыңдау.

   Қазақ халқы музыкалық асп аптарға бай. Солардың бірі – көнеден келе жатқан жетіген аспабы. Аспаптың пайда болуы жайында аңыз да сақталған: «Ертеде бір қарияның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, қарияның жеті баласы бірінен кейін бірі қаза болады. Әр баласы қаза болған сайын қария кепкен ағашқа бір ішек тен тағып, оған тиек ретінде балаларының ойнаған асығын қойып, күйлер шығарады. Бұл күйлер бізге «Жетігеннің жетеуі» деген атпен жеткен. Аспап атауы да осы ұғымды береді. Жетіген – жеті ән».

Көне түрі Жаңартылған Жетілдірілген
Ағаштан жасалады, жеті ішек астына жеті асық қойылады. Ою өрнек теліп жасалған жетігенге асық орнына тиек қойылады. Ішек саны 22-ге дейін көбейді.

2-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Аққу

(қазақтың халық әні)

   1723 жылы бейқам жатқан қазақ еліне жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасап, аяусыз қырды. Қазақ тарихында бұл – «Ақтабан шұбырынды» деп аталған аса қасіретті босқыншылық кезең. Қазақ халық әні «Елім-ай» да осы тұста туған, халқымыздың мұң-зарын жеткізген тарихи ән.

• Сурет және бейнежазбадағы тарихи кезең туралы пікіріңді ортаға сал.
• Неліктен бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды» деп атайды?
• Ән сурет пен бейнежазбадағы көріністерді қандай әуен арқылы жеткізді (қаһарлы, жігерлі, мұңды, зарлы)?

2-тапсырма. Ән үйрену.

Елім-ай

Музыкасын жазған: Н. Тілендиев

• Бейне жазбадан жетіген аспабының орындауында композитор Н. Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңда.
• Жетіген аспабы судың сылдыры, қамыстың сыбдыры, аққу үнін, қанат қағыстарын қаншалықты жеткізе алды?
• Күйден алған әсеріңмен бөліс.

3-тапсырма. Зерттеу.

   «Көнеден жеткен аспаптар» атты зерттеу жұмысына қатыс. Үш топқа бөлініңдер. Әр топ кестеде берілген аспап түрлерін таңдайды және сол аспапқа байланысты хабарлама дайындайды.

   Хабарлама талаптары:

• Аспаптың пішініне (формасына), орындау түріне тоқталу.
• Көне және жаңа аспаптың ерекшеліктерін атау.

Аспап түрі Көне Жаңа
шертер
даңғыра
сазсырнай
қобыз

   Үлгі: Шертер аспабы.

   Көне түрі: пішіні ожауға ұқсайды, беті ашық, шертіліп тартылады, үш ішекті.

   Жаңа түрі: пішіні төртбұрышты, мойны қысқа, шертіліп тартылады, үш ішекті.

4-тапсырма. Орындау.

Жетіген

Жалпақ ағаш бетіне
Жеті ішек тағылған.
Әр ішектің астына
Жеті асық қойылған.
Су сылдыры секілді
Дыбысы нәзік сызылған.

• «Жетіген» өлеңін Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі сүйемелдеуімен мәнерлеп оқы.

5-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• «Жетіген» өлеңін күй әуенінің нотасына салып орында.

• Сыныптастарыңа таныстыр және бағала.

×
×

Cart