Біздің оркестр

1-тапсырма. Талқылау.

Previous
Next

• Бейнежазбадағы және суреттегі оркестр түрлерін ата.
• Халық аспаптар оркестрінің басқа оркестрден ерекшелігі неде (аспаптарында, киімдерінде, құрамында, орындалуында, дыбысталуында)?

2-тапсырма. Музыка тыңдау.

• Үнтаспадан ұлы күйші Құрманғазының «Балбырауын» күйін жеке және оркестрдің орындауында тыңда.
• Саған орындалған күйдің қай нұсқасы ұнады?
• Оркестрдің орындауында күйдің көркемделуіне не себеп болды (орындаушылар саны, аспаптардың көптігі, әртүрлілігі, дыбыс күші, дыбыс бояуы (тембрі), дирижёрдің болуы)?

   Оркестрмен орындалатын музыкалық шығарманың өте көркем болуы оның жетекшісі – дирижёрге байланысты. Ол оркестрдің бірге орындауын, шығарманың ырғағын, екпінін, дыбыс күшін, қалай ойналу керектігін қас-қабағы, қол қимылдары арқылы көрсетеді.
   Өзің сүйіп тыңдайтын Құрманғазы атындағы оркестр – қазақтың алғашқы халық аспаптар оркестрі. Оркестрді алғаш ұйымдастырып, құрған әрі дирижёрі болған композитор А. Жұбанов.

3-тапсырма. Орындау және суырыпс алма.

Біздің оркестр

Өлеңін жазған: А. Асылбек
Әнін жазған: Т. Қоңыратбаев

Өтпейді әр кеш құр,
Ойнаймыз оркестр.
Дауылпаз бастайды,
Даңғыра қостайды.
Та-та, та, та, та,
Бум, бум.

Сыбызғы, ысқырық
Қосылар ысқырып,
Домбыра, сырнай да
Күй төгер мұндайда.
Дың-дың, ды-ғы-дың.
Дың, дың.

Еш асп ап қалмасын,
Оркес тр сарнасын!
Бар аймақ ке шкісін
Дауысын ес тісін.
Та-та, та, та, та,
Бум, бум.

• Әннің әуені мен сөзін тиянақты, үйлестіріп орында.
• Ырғағын қадағала.

4-тапсырма. Суырыпсалма.

   Екі топқа бөлініңдер.

   1-топ «Біздің оркестр» әнінің бірінші шумағындағы «та-та, та, та, та» буындарын дауыспен әуендетіп, бум-бум буынын ұрмалы аспаптармен, шапалақпен соғып көрсетеді.

   2-топ әннің екінші шумағындағы дың-дың, ды-ғы-дың буындарын дауыспен әуендетіп, дың-дың буынын ұрмалы аспаптармен, шапалақпен соғып көрсетеді.

• Әннің соңғы шумағын бірге орындаңдар.

5-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• Сыныптастарыңмен бірге топтық жұмысты таныстыр және бағала.

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

   1. Берілген сызбада қандай өлшем көрсетілген ?

   2. Алғашқы қазақ дирижёрі кім?
   3. Бағдарламалық музыка дегеніміз не?
   4. Берілген нота сызықтарынан паузаны тап.

   5. «Мәңгілік ел жастары» әнінің өлең жолдарын толықтыр.

Ұлы Дала …
… ұшқан көгіммен.
Елім менің …
… сеніммен.

Тест сұрақтары

   1. Дәулеткерейдің күйі.

А. «Балбырауын»
В. «Аққу»
С. «Көрұғлы»
Д. «Біздің оркестр»
Е. «Уақыт, алға!» («Время, вперед!»)

   2. Ішекті аспап.

А. қоңырау
В. сазсырнай
С. жетіген
Д. сыбызғы
Е. дауылпаз

   3. Ноталық үлгі көрсетілген музыкалық шығарма.

А. «Елім-ай» халық әні
В. «Аққу» күйі
С. «Көрұғлы» күйі
Д. «Сырлы сағат» әні
Е. «Жүгіріп шықтым белеске» халық әні

×
×

Cart