1. Ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мектеп оқушыларына арнап, өз туған жерлеріңде туризмді дамыту жөнінде үндеу жазыңдар.
2. «Синектика». Қазақстандағы өзің қалаған табиғи қорық немесе тарихи-мәдени нысанның атынан мектеп оқушыларына шақыру сипатында эссе-хат жаз. Хатта сол нысанның тарихы мен табиғи қалпы, жағдайы, экотуризммен байланысын көрсет. Қажетіне қарай статистикалық мәліметтер, деректер, қызықты ақпараттар мен дәйексөздер және этикеттік сөз орамдарын қолдан.
3. Бұл – Алтай тауының бөктерінде орналасқан қорық. Шетелдік досыңмен телефон арқылы сөйлес. Оны қызықтыру үшін Алтайдың пейзажыншешен сөйлеу құралдарын қолданып, суреттеп айт. Қажетті сөз орамдарын қолдан
4. Әрқайсысың қолдарыңа әлем картасын алыңдар. 5 минут ішінде сыныптастарыңмен сөйлесіп, қай жаққа саяхатқа барғанын және қай жаққа барғысы келетінін анықтаңдар. Картаға барған елдердің тұсына көк түсті белгі, барғысы келетін елдердің тұсына қызыл түсті белгі қойыңдар. Соңында туризм бойынша ортақ қызығушылықтарыңды тудырған елдер тізімі анықталады.
5. Жағдаят: отбасыңмен бірге экотуризмге шығуды жоспарлап жүрсің. Туризмнің маршруты бойынша көлікке, жолға, тамаққа, жатын орынға және т.б. кететін шығындарды есепте.
6. Экологиялық туризмді басқа туризм түрлерімен салыстырып, ұқсастықтарымен айырмашылықтарын айтыңдар.
7. Бірнеше топқа бірігіп, туған жер, табиғат туралы мақал-мәтел жарысын
ұйымдастырыңдар. Ең көп мақал-мәтел айтқан топ жеңімпаз атанады.
8. «Саяхатқа жиі шығуға 7 себеп» ойынын ойнаңдар. Берілген сөздердің ішінен бірін таңдап, өзің саяхатқа не үшін шыққың келетінін дәлелдеп айт.
9. «Шығу парағын» пайдаланып, жазбаша жауап бер.
1) «Туризм: Экотуризм» тақырыбы бойынша не үйрендің? 2) Сен үшін тақырыптың құнды жақтары қандай болды? 3) Өзіңнің және сыныптастарыңның білімін бағала. 4) Осы тақырып бойынша білгеніңді тұжырымдап жаз.