Жарықтың жұтылу қасиеті

жарықтың жұтылу қасиетін зерттеп, түсіндіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Жарықтың шағылу қасиеті туралы не білесің?
2. Неліктен біз қараңғы бөлмеге қарағанда жарық бөлмеде жақсы көреміз?
3. Дөңес және ойыс айналар не үшін қолданылады деп ойлайсың?

Әсел топта тәжірибе жүргізуді ұсынады.

Зерттеңдер

  №1 тәжірибе
  1. Қолшамды жағып, жарығына жасыл түсті шыныны ұстаңдар.
  2. Шынының артындағы ақ қалың қатырма қағаздағы сәуленің түсі қандай болады деп ойлайсыңдар?
  3. Содан кейін қызыл және сары шыныларды да ұстап көріңдер. Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар.
Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

Білу үшін оқы

  Жарық ішінара жұтылады. Оның ішінде кейбір жарық сәулелері ғана жұтылады. Мөлдір (түссіз) денелер барлық сәулені жұтады, алайда азғана мөлшерде. Мысалы, егер сендер жағажайға барып, 2 × 2 метр мөлдір шынының астына жатсаңдар, денелерің ешқашан күймейді. Түрлі түсті заттар мөлдір емес, олар барлық жарықты жұтады, бұл – олардың қасиеті. Қызыл дене қызылдан басқа барлық түсті жұтады. Жарық затқа түскен кезде бір бөлігі одан өтіп кетіп, ал қалғаны жұтылатынын білесіңдер. Жұтылған жарық жылуға айналады.

№2 тәжірибе 
  1. Қолшамды жағып, жарығына қалың шыныны үш минут ұстаңдар.
  2. Шыныны қолдарыңмен ұстап көріңдер. Не болды?
  3. Қолшамды жағып, жарығына жұқа шыныны үш минут ұстаңдар.
  4. Шыныны қолдарыңмен ұстап көріңдер. Не болды?
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

Білу үшін оқы

  Жарықтың жұтылуы – бұл бір заттан өткен кезде жарық қарқынының төмендеуі, осының нәтижесінде жарық энергиясы жылу энергиясына айналады.

  Қара түс өзіне түскен барлық жарықты жұтады. Жарық энергиясының көпшілігі жылуға айналады да, тек азғана бөлігі шағылады.
  Қабырғасын қалың ыс алып қалған терең үңгір ең керемет жылу жұтқыш, тіпті онда түскен жарықтың бір сәулесі де сыртқа шықпайды.
  Күннен және қыздыру лампаларынан шыққан жарықты ақ жарық дейді, себебі олар боялмайды. Егер жарықтың шоқ сәулесі призмаға түсетін болса, ол одан алуан түрлі жолақ болып шығар еді.
  Бұл жолақтарда қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлкерек гін түстер біртұтас реттілікпен орналасады немесе спектр құрайды.
  Боялған заттар спектрдің белгілі бір түсін жұтады, қалғаны шағылады.
  Шағылған түс біз көріп тұрған түсті береді. Мысалы, қызыл қызанақ қызыл түстен басқа түстің барлығын жұтады.

№3 тәжірибе
  1. Судың ішіне айнаны бір бұрыштап сүйеп қойыңдар.
  2. Айнаға Күн сәулесін түсіріп, оны қабырғаға бағыттаңдар.
  3. Айнаны спектрді көргенше айналдырыңдар. Су жарықты құрайтын түстерді бұзатын призманың рөлін атқарады.
  4. Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар.

Қызықты деректер

  Кемпірқосақ – түсіп тұрған Күн сәулесі жауып тұрған жаңбыр тамшысына шағылған кезде пайда болады. Кемпірқосақтың пайда болуы – жарықтың сынуы мен шағылуы. Әдетте жаңбыр тамшысында түс спектрі толық көрінеді. Қызыл түс кемпірқосақтың сыртқы жағында, ал күлгін түс – ішкі жағында. Кемпірқосақтың қалай көрінетіні қарап тұрған адамның тұрған жеріне байланысты болады.

Сабақты қорытындылау

1. Жарықтың өзің білетін қасиеттерін ата.
2. Түс спектрі қандай түстерден тұрады?
3. Ашық күні неліктен ашық түсті баскиім кию керек деп ойлайсың?
4. Неліктен заттар Күн көзінен қызып кетеді?

×
×

Cart