№6 зертханалық жұмыс. «Микрофотографияларды пайдаланып, жасушаның негізгі құрамбөліктерін сипаттау».

№6 зертханалық жұмысты табысты орындау үшін 7-сынып оқулығынан 12-параграфты; 8-сыныптан 1-, 2-параграфты; 9-сыныптан 1-параграфты; 10-сыныптан 11–14-параграфтарды қайталау керек.

Мақсаты: микрофотографияларды пайдаланып, жасушаның негізгі құрамбөліктерін анықтау және сипаттау.

Құрал-жабдықтар: жасуша және оның органоидтерінің микрофотографиялары, оқулық.

  Жұмыс барысы

  1. Түрлі типті жасушалар мен органоидтердің микрофотографияларын қараңдар. Оларды оқулықтағы суреттермен салыстырыңдар.
  2. Жасуша суретін салып, оның бөліктері мен органоидтерін белгілеңдер.
  3. Оқулықты, микрофотографиялар мен түрлі типті жасуша кескіндерін пайдаланып, кестені толтырыңдар. Берілген Ә, Б суреттерге органоидтерді нөмірлері бойынша белгілеп, кестеге олардың ерекшеліктерін жазыңдар.
  Бақылау жұмыс ретінде «Эукариотты жасушалардың құрылысы мен қызметі» деген кестені толтырыңдар. Бағанға қажет ақпараттарды жазыңдар.
  №1 баған. А, Ә, Б кескіндерін пайдаланып, сәйкес органоид нөмірін көрсету.
  №2 баған. Мембрана мөлшерін 0, 1 немесе 2 сандарымен көрсету.
  №3 баған. Бұл органоид тек өсімдікке тән болса – Ө, ал тек жануарларда ғана болса – Ж, егер өсімдікте де, жануарда да болса Ө/Ж деп белгілеу.
  №4 баған. Органоидтерді білдіретін барлық санды кестенің сәйкес бағанына жазыңдар.
  Есте сақтаңдар. Бір сан бір немесе бірнеше органоидке сәйкес келуі мүмкін. Бірақ ешқандай сәйкес келмейтін сан жоқ.

  6. Берілген сұрақтарға жауап беруге тырысып көріңдер.
  1. Қайнаған соң фермент белсенділігінің тоқтау механизмі олардың ПАВ-пен не ауыр металдардың тұздарымен әрекеттескен соң белсенді болмау (иммобилизация) механизміне ұқсас деп есептейсіңдер ме?
  2. Сендердің «ферменттің белсенді орталығының» әдеттегі субстратқа қарағанда басқа затпен әрекеттесуі туралы түсініктерің қалай сәйкес келеді?
  3. Ауыр металл тұздарының химиялық құрамбөліктері «ферменттің белсенді орталығына» тұруы мүмкін бе?
  4. Зертханалық жұмыс барысында алынған эксперимент мәліметтерін пайдаланып, оны дәл анықтауға болады ма?
  5. Егер «ферменттердің белсенді орталығына ұқсастық» ауыр металдардың тұздарында оттекке қарағанда жоғары десек, олар ағзаға түскен кезде қалай болады?
  1. Жануар жасушасындағы негізгі АТФ синтезі.
  2. Өсімдік жасушасындағы негізгі АТФ синтезі.
  3. Рибосома суббірліктерін қалыптастырады.
  4. Протопластидтен түзіледі.
  5. Хромосома түрінде тұқымқуалаушылықты сақтайды.
  6. Іріктеп өткізгіш және цитоплазманы қорғау.
  7. Нәруыз биосинтезін жүзеге асырады.
  8. Бөлінген кезде хромосомалардың тең бөлінуі.
  9. Грана тилакоидтары болады.
  10. Екі суббірліктен тұрады.
  11. Кристалар болады.
  12. Ішіндегі сұйықтық – строма.
  13. Бөліну ұршығын түзеді.
  14. Тонопластқа тән.
  15. Автолизді жүзеге асырады.
  16. Крахмалды жинайды.
  17. «Цистерналар» – диктиосомалар қалыптастырады.
  18. Каротиноидтерді жинақтайды.
  19. Жасушаның ішкі ортасы.
  20. Жасуша шырыны – құрамы.
  21. Биологиялық тотығу және үшкарбон қышқылдары циклі ферменттері бар матрикс.
  22. Кариоплазма – сұйықтық бар.
  23. Гликолиз жүреді.
  24. Литикалық ферменттері болады.
  25. Нәруыздар мен липидтер модификациясы.
  26. Жасушаішілік тасымал.
  27. Майлар биосинтезі.
  28. Суды бөліп таратып, тургор қысымын сақтайды.
  29. Пластидтер тіршілігінің соңғы формасы.
  30. Өзінің сақинатәрізді ДНҚ-сы бар.
  31. Лизосомалар түзілетін орын.
  32. Прокариоттар мен эукариоттарда болады.

×
×

Cart