Музыкадағы табиғат құбылыстары

1-тапсырма. Ойтолғау.

Сен сабақ барысында музыкадағы су, жел, от, табиғат құбылыстарымен танысасың. От біздің өмірімізде аса маңызды. Адам отсыз өмір сүре алмайды. От ежелден өмірдің және жылылықтың символы болып есеп теледі.
• Адам өмірінде оттың қандай маңызы бар?
• Оттың пайдасы мен зияны қандай?
• Оттан сақтану үшін адам не істеу керек ?
• Отқа қатысты қандай әндер мен тақпақтар білесің?

2-тапсырма. Музыка тыңдау. Зерттеу. Талдау.

Прометей

(«Поэма огня» – «От туралы поэма» симфониялық поэмасынан үзінді)
Музыкасын жазған: А.Н. Скрябин

   А.Н. Скрябиннің «Прометей» («Поэма огня») симфониялық поэмасы 1910 ж. жазылған. Ғылыми мәліметтерге қарағанда, поэманың негізіне Прометей туралы ежелгі грек аңызы алынған. Аңыз бойынша, Прометей Олимптен отты рұқсатсыз алып кетіп, адамдарға сыйлаған. Ол адамдарды надандықтан шығарып, еңбекке баулыған, көп көмектескен. Олимптегі құдайлар осыны кешірмей, Прометейді жартасқа мәңгі байлап қойған.
   А.Н. Скрябиннің ерекше қасиеті – ол музыканы түрлі түстер арқылы сезетін. Ол осы шығарманы орындау үшін симфониялық оркестр құрамына хор және «жарық партия» партитурасын енгізген. Композитордың ойынша, музыкамен бірге түрлі түстерді прожек тор сәулелері ауыстырып тұруы керек.
   «Прометей» симфониялық поэмасы – бір бөлімді симфониялық шығарма.

Тыңдағанда:
• Поэманың орындалуына: түрлі түстердің ауысуына, хордың орындауына, пианистің ойнауына көңіл бөл.
• Шығарма оттың бейнесін аша алды ма?
• Дирижёрдің шеберлігін, ұжымды басқара алатын қабілетін қандай әрекет арқылы түсінуге болады?
• Поэманың орындалу барысында орындаушылардың бірлігін, ұжымшылдығын байқауға бола ма?

Жалын биі

Музыкасын жазған: С. Еркімбеков

• Композитор шығармасында жалынның бейнесін көрсете алды ма?
• Музыкада қазақтың ұлттық нақышы байқалды ма?
• Осы шығарманы «Прометей» поэмасымен салыстырғанда, айырмашылығы мен бірлігін неден көруге болады?
• Оттың бейнесін тағы қандай өнер арқылы көруге болады? Торкөздерден тауып ал: 

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Ақпарат іздеу, талдау.

Оттың бейнесі (ойын)

   Шарты. Оқушылар үш топқа бөлінеді: «Бишілер», «Суретшілер», «Ақындар». Әр топ бағыты бойынша от, жалын туралы ақпарат іздейді, талдайды. «Бишілер» от туралы би билейді, «Суретшілер» суреттер салады, «Ақындар» жұмбақ және тақпақ өлеңдер дайындайды.

   Ойынның бірінші бөлімінің соңын сахна түрінде көрсетуге дайындалады.
   Ойынның екінші бөлімінде мұғалім оқушыларға ойын тақырыбына сәйкес:
1. «Жалын биі». Бейнетаспаны (157-бет) көрсетеді.
2. Орыс суретшісі Н. Богданов-Бельскийдің «У костра» картинасын (157-бет) көрсетеді.
   Оқушылар көріп, талдайды, пікірлерін айтады.

4-тапсырма. Ән үйрену және орындау.

Жел

Өлеңін жазған: Н. Әлімқұлов
Әнін жазған: М. Маңғытаев

1. Тау жағалай жел ессе,
Қалың орман шулайды.
Су бетіне ол жетсе,
Теңіз толқын тулайды.

2. Жел бір кетсе бұрқанып,
Жапырақты жылатар.
Тамырымен қопарып,
Ағашты да құлатар.

3. Жығамын деп мені де ол,
Бұрқанады, төнеді.
Бірақ мені долы жел
Құлата алмай келеді.

• Әннің мазмұнына көңіл бөл. Не туралы айтылады?
• Әннің екі шумағын үйрен, ән орындау талаптарын сақта.
• Осы әнді «Жалын биімен » салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, түсінік бер.

   Симфониялық поэма – бір бөлімді, симфониялық музыка жанры, оркестрге арналған бағдарламалық шығарма.

5-тапсырма. Бағалау.

1. Сабақта берілген тапсырмаларды қалай орындадым?
2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
3. Өз дайындығымды қалай жақсартар едім?

×
×

Cart