Музыка және сәулет

(жалғасы)

1-тапсырма. Талдау.

Тақырыпты жалғастыру.

• Музыка мен сәулеттің байланысы неде?
• «Помпейлік үй» ғимаратының суретіне қара.
• Ғимаратта не қайталанады? Қандай реттілікте?
• Қандай музыкалық көркемдеуіш құрал арқылы ғимаратты бейнелеуге болады?

   Ресей. Мәскеу қаласы.
«Помпейлік үй». 2005 ж. салынған.

2-тапсырма. Зерттеу және орындау.

Суретке қара. Дауысыңмен немесе шапалақ соғу арқылы ғимараттың қайталанып тұрған бөлімдерін көрсет. Қандай ырғақ шығады?

3-тапсырма. Зерттеу.

   Қазақтың ұлттық киіз үйі.

   Астана қаласы. «Ханшатыр».
2010 ж. салынған.

Жұптық жұмыс.

• «Киіз үй» мен «Ханшатырдың» ерекшеліктері мен ұқсастықтарын тауып, салыстыр.
• Олардың пішіндері қандай?
• Құрылымдарында не өзгешелік бар?
• Қандай материалдардан жасалған?
• Ғимараттарға қатысты өз сезіміңмен бөліс.
• Осы туындыларға қарап, қандай көңіл күй сезіндің?

4-тапсырма. Орындау және импровизациялау.

   Австралия. «Сидней-Опера» театры.
1973 жылы салынған.

Есіңе түсір:

Штрих дегеніміз не?
• Музыкада қандай штрихтар жиі қолданады? Олар қалай орындалады? Оқулықтың бірінші бөлімінде өткен материалды есіңе түсір.
• Оларды қай кезде қолданады? Түсінік бер.
• Қазақтың ұлттық «Киіз үйі» мен «Сидней-Опера» театрының сыртқы
пішінін салыстырып зертте. Олардың пішіні қандай?
• Қиялдап көр. Staccato және legato штрихтары арқылы екі ғимараттың сыртқы пішінін бейнелеуге бола ма?
• Ғимараттардың пішінін дауыспен келтіріп көр. Staccato және legato-ны қолдан.

5-тапсырма. Тыңдау, талдау және орындау.

№1 «Тәжік биі»

(үзінді)

Музыкасын жазған: Ахмет Жұбанов

№1 «Тәжік биі»

(үзінді)

Музыкасын жазған: Ахмет Жұбанов

А. Жұбановтың №1 «Тәжік биі», №2 «Тәжік биі» шығармаларының
орындалуын бейнетаспадан көр және оқулықта берілген нота үзінділерімен салыстыр.

• Композитор шығармаларында қандай штрихтарды пайдаланды?
• Олар қалай дыбысталады?
• Музыкада staccato, legato және nonlegato штрихтар не үшін қолданылады?
• Осы екі бидің негізгі әуендерін, нотадағыдай «ля»-ға staccato, legato және nonlegato штрихтарымен орында. Қандай айырмашылығы бар? Түсінік бер.

   Штрих дегеніміз музыкалық дыбыстар шығару тәсілі. Бір дыбыс немесе бірнеше дыбыс қатар әртүрлі тәсілмен шығарылады.

6-тапсырма. Әнді орындау.

«Киіз үй» әнінің (өлеңін жазған: Қ. Баянбаев, әнін жазған: Ж. Тұрсынбаев) екінші шумағы мен қайырмасын ән үйрету талаптары бойынша орында.

• Әнді мәнерлеп, әдемі айт.
• Әннің ырғағын шапалақпен немесе пластикалық қимылдармен ақырын сүйемелде.
• Ән туралы өз пікіріңді айт.

7-тапсырма. Бағалау.

«Киіз үй» әнін толық мәнерлеп орында, әуенін таза, сөздерін анық, түсінікті айт. Мына сұрақтарға жауап бер:

• Әнді орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдың?
• Әнді дұрыс орындауыңды қалай жақсартар едің?

8-тапсырма. Орындау, бағалау.

Рефлексия:

• Мен не білдім?
• Бүгін мен не үйрендім?
• Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
• Қай тапсырманы мен оңай орындадым?

×
×

Cart