Әлемдегі театрлар

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

   Өз тобыңмен бірге берілген театрлар туралы ақпарат ізде:

1. Италия. Милан. «Ла Скала» театры.
2. Қазақстан. «Астана Опера».
3. Ресей. Мәскеу. «Большой театр».
4. Франция. «Гранд-Опера» театры.

   Қазақстан. Астана.
«Астана Опера» опера және
балет театры. 2013 ж. салынған.

   Италия. Милан. «Ла Скала»
опера және балет театры.
1778 ж. салынған.

   Ресей. Мәскеу.
«Большой театр» Мемлекеттік
академиялық үлкен театры.
1776 ж. салынған.

   Франция. Париж.
«Гранд-Опера» театры.
1875 ж. салынған.

Театрлар туралы мәліметтеріңмен топтағы сыныптастарыңмен
бөліс. Сынып алдында баянда, сұрақтарға жауап бер.

• Аталған театрлары бар елдердің тулары қандай? Туларында не бейнеленген?
• Театрдың құрылымы мен сырт пішіні қандай? Ерекшеліктері бар ма?

2-тапсырма. Талдау.

   Опера театрында негізінен опера спектакльдері қойылады. Спектакль ойнауына көптеген әншілер қатысып, хор, ансамбль, квартет, дуэт, жеке дауыста ән шырқайды. Әншілердің дауыстары кәсіби тұрғыда жетілген болу керек. Себебі, тыңдармандар әншілерге, ән орындауына, дауыстардың әсемдігіне аса үлкен көңіл бөледі және ләззат алады.

«Астана Опера» театры туралы бейнетаспаларды көр және сыныппен бірге талда. Мына сұрақтарға жауап бер:

• Опера дегеніміз не?
• Операда әншілік өнері қандай орын алады?
• Әншілер дауыстарының қандай түрлерін және дыбыс бояуларын білесің? Бейнетаспаны көр және тыңда, түсінігіңді айт.
• Әншілер дауыстарын жоғары, орта, төмен регистр бойынша топтастыруға (класс ификация жасауға) бола ма?
• Берілген торкөздерді толтыр және түсінігіңді айтып бер.

   Әйелдер дауыстары: сопрано, меццо-сопрано, контральто; ерлер дауыстары: тенор, баритон, бас.
   Адамдар дауыстарын жоғарғы (әйелдер), орта (балалар), төмен (ерлер) регистрге бөлуге болады.

• Әр дауыстың латын тілінде белгілері бар:

Әйелдер дауысы: сопрано – S.
Әйелдер дауысы: альт – A.
Ерлер дауысы: тенор – T.
Ерлер дауысы: бас – B.

   Классификатор – мәліметтерді топтарға бөлетін бағдарлама.
   Жанр – әрбір өнердің ерекшелігіне байланысты түрлері. Француз тіліне аударғанда «тек», «түр» деген мағынаны білдіреді.
   Опера – музыкалық өнер жанры.
   Операның әдеби негізі – либретто (музыкалық драматургия) арқылы шешімін табады.
   Опера – синтезді жанр. Себебі, операда вокалдық және аспаптық музыка, драматургия, хореография, бейнелеу өнері (декорация, костюмдер), театр әрекетімен байланысып біріктірілген .

3-тапсырма. Шығармашылық және импровизациялау.

«Алдаркөсе айлакерлігі» музыкалық композициясы

(шығармашылық ойын)

   Ойынның шарты. Оқушылар бейнетаспадан Алдаркөсе туралы бірнеше ертегі мультфильмді көреді. Таңдаған ертегі бойынша оқушылар топқа бөлінеді. Күні бұрын мұғалім дайындап берген қысқа ертегі сюжетін негізге алып, олар опера жанрында қысқа музыкалық композиция шығарады.
  Балалар дайындық кезеңінде мұғалімнің көмегімен алдын ала дайындалған заттарды: қорапшалар, аксессуарлар, түрлі киім-кешектер т.б. пайдаланады. Әртүрлі дауыс бояуларын шығармашылықта (диалог, кейіпкерлер, рөлдік ойын т.б.) қолдануы осы тапсырманың мақсаты болып табылады.

4-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

Өз тобыңмен дайындаған операға байланысты қысқа қойылымыңды көрсет. Мәнерлеп орында. Сабақтарда өтілген түсініктерді қолдан:

• штрихтар (staccato, legato, nonlegato);
• дауыс бояулары;
• ырғақ;
• динамика.

5-тапсырма. Бағалау.

Оқушы өз тобымен сұрақтарға жауап береді. Дайындалған қысқа қойылым мына критерийлер арқылы бағаланады:

• Сюжетке қайсы оқушы жақсы қатыса алды?
• Қаншалықты өз рөлін мәнерлі көрсетті?
• Әр топтың орындау сапасын бағалау.
• Не сәтті болды?
• Нені өзгертуге болады?

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

   1. Сұрақтардың дұрыс жауабын тап:

1. «Сәулет өнері» дегенді қалай түсінесің?

Күннің сәулесін өндіріске пайдаланатын өнер

Құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері

Жолдарды жобалау, құрастыру өнері

2. Астанадағы «Бейбітшілік және Келісім сарайын» кім салған?

Ағылшын сәулетшісі Норман Фостер

Қазақ сәулетшісі Т. Сүлейменов

Орыс сәулетшісі И. Глазунов

3. «Форма» деген сөзді қалай түсінесің?

Түр, кескін, сыртқы бейне, әдемілік

Балалар ойынның бір түрі

Мектепке киетін киім

4. Шумақтық формада музыка қалай орындалады?

Сөзімен бірге орындалады

Қайталана береді, ал өлеңі өзгереді

Жол-жол болып орындалады

5. Музыкадағы «штрих» – ол ...

Музыкалық дыбыстар шығару тәсілі

Екі музыкалық аспап қосылып ойнау дәстүрі

Бояулардың бір түрі

6. «Бейбітшілік және Келісім сарайын» ел арасында қалай атайды?

Көркем сурет галереясы

Пирамида

Музыка өнерінің сарайы

7. Әйелдер дауысын қалай атайды?

Сопрано

Дискант

Тенор

   2. «Киіз үй» әнінің бірінші шумағындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптеріңе жаз:

Шопан үйі … ,
Қақтырғандай таңдайды,
Ауып … тау жақтан
… бұлттан аумайды.
Қарап шықтым … ,
… жарасқан.
Төбедегі түндіктен ,
… көк аспан.

×
×

Cart