Қазақ дастарқаны

     Әрбір отбасы той-думан, мерекелерді атап өтеді. Үйге көптен күткен қонақтар келеді. Дәмді тағамдар        әзірленіп, дастарқан жайылады.

    Қазақ мәдениетінде қонақтардың құрметіне жайылатын дастарқанның алатын орны ерекше. Қазақ халқы өте қонақжай. Кез келген жолаушыны төріне шығарып, барын алдына қояды. Әдемі ыдыстар қолданады.

1. Сенің отбасыңда қандай мерекелер аталып өтеді?                                                2. Қандай тағамдар әзірленеді?                                                                                  3. Сен көмектесесің бе?

                                                            А. Ғалымбаева. Натюрморт

     Қазақ дастарқаны шайдан басталады. Шаймен бірге құймақ, құрт , құрғақ жемістер, жаңғақ және бауырсақ беріледі.

     Бауырсақ – ұлттық тағам . Бауырсақсыз қазақ дастарқанының сәні кірмейді. Бауырсақ пісірудің де әдіс-тәсілдері бар . Оны әрбір қыз-келіншек білуі тиіс. Дастар қанға ақ бауырсақты молынан төгу – береке мен молшылықтың белгісі.

Мына мақал -мәтелдерден халқымыздың қонақжайлылығы көріне ме?

  Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.

Қонақ келсе – құт.

        Шай дастарқаны – үлкен тойдың бастауы. Үй иесі дастарқанға бар дәмдісін қояды. Алайда ет басты                 тағам болып қала береді.

          Аса сыйлы қонаққа бас тартылады. Қонақ оны қасындағы адамдармен бөліседі. Мұндайда бастың әр            бөлігінің өзіндік мәні бар . Маңдай (шеке) бөлігі ерлерге, жағы мен таңдайы әйелдерге, сол құлағы                    жасөспірімдерге, оң құлағы берекенің белгісі ретінде отбасына қалдырылады.

М. Бекеев.  Түскі шай

                         Қ. Ақашев. Тойға дайындық

 Суретшілердің екі картинасын салыстыр . Олар несімен ұқсайды?                 Айырмашылықтары неде?

 Қазақы дастарқан туралы шағын әңгіме құра .

 Қызықты әңгіме құрау үшін Интернет не кітаптардан қосымша мәлімет ізде.

×
×

Cart