Музыка және қозғалыс

1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Екінші сыныпта танысқан «Қосалқа» биін есіңе түсір. Бейнетаспадан көр. Бишілердің би қозғалысы мен музыка сүйемелдеуіне көңіл бөл.

• Би нені бейнелейді?
• Музыкамен би қимылдары сәйкес келе ме?
• Бишілер қандай ой-сезімдерді би арқылы көрсетті?

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.

   Музыка және би – адам өмірінің айнасы. Себебі, қай халық болмасын, музыка, би арқылы өз өмір-тіршілігін, арман-ықыластарын, түрлі сезімдерін көрсетеді.

   Би музыкасыз «өмір сүре алмайды» деген сөздерді жиі естуге болады. Байқасаң, әр халықтың биі қашанда музыкалық сүйемелдеумен орындалады.

   Би өнерінің өз бай тарихы бар. Ғасырлар бойы би дамып келе жатыр. Қарапайым күнделікті биден бастап, оның басқа да түрлері бар. Бұл қандай билер? Билердің атауларын тауып, берілген торкөздерді толтыр.

3-тапсырма. Ақпарат іздеу, талдау.

   Елімізде би өнері қалай дамыған? Қазақ халық биін, балет пен классикалық биді кімдер жоғары дәрежеге көтерді? Ұлттық би өнерінің дамуына қомақты үлес қосып, басқа елдерге танытқан кімдер? Осы сұрақтарға жауап табайық.

Бейнетаспадағы үзінділерді көріп, атақты қазақ бишісі Шара Жиенқұлова және ұлттық балет өнерін өрлеткен белгілі балетмейстер, педагог Болат Аюханов туралы мәліметпен таныс.

   Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова (1912–1991) – биші, педагог, Қазақстанның халық әртісі. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастаған. Қойылған спек такльдерде рөлдерде ойнап, ұлттық билерді орындады. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеп, сахнада қойды.

   Керемет биші болғандықтан, халық арасында оны музыкалық-пластикалық өнердің «гауһар тасы» деп атаған.

   Болат Ғазизұлы Аюханов (Қуатов) 1938 ж. Семей қаласында дүниеге келген. Балет бишісі, актер, педагог, балетмейстер. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

   1967 ж. бастап «Алматы жас балеті» ансамблінің іргесін қалаушы және жетекшісі. Ансамбль 2003 жылы Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналған. Ансамбль дүниежүзіне кеңінен танымал болды.

   Шара Жиенқұлова.
«Қазақ вальсі» кескіні.
1958 ж. Гүлфайруз Исмаилова.

   Болат Аюханов. 1987 ж.
«Сказка о прекрасной Айсулу»
фильмінде уәзірдің рөлінде..

4-тапсырма. Ақпарат іздеу, импровизациялау.

Би билейік!

(суырыпсалма ойын)

   Ойынның шарты. Оқушылар «Халық биі», «Классикалық би», «Балет», «Заманауи би», «Спорттық бал биі» деген топтарға бөлінеді. Таңдаған тақырыпқа қатысты бейнетаспаларды көріп, қажетті суреттерді жинақтайды және көрсетілімге дайындалады.

   Әр топ өз тобының атына сай биге постер жасайды және шағын музыкалық-сахналық көрініс дайындайды. Суырыпсалма би қимылдарын музыканың сүйемелдеуіне қосып, жасаған жұмыстарын көрсетеді.

   Балет – музыкалық-театр, би өнерінің үйлескен түрі.
   Классикалық би – хореографиялық пластиканың белгілі бір түрі, балеттің негізгі көркемдеуіш құралы.
   Заманауи би – биде дене қимылдары, музыка, жарық пен бояулар жаңаша түрде көрінеді. Онда бүгінгі күннің құбылыстары жарқын көрінеді.
   Халық биі – бұл халықтың әсерлі және көркем бейнесін сипаттайтын халық шығармашылығы.
   Спорттық бал биі – жұптық би. Бұл биде спорт пен би бірігіп, бишілер вальс, танго, фокстрот, румба және т.б. билер арқылы би билеу шеберлігін көрсетеді.
   Хореография – би шығару өнері.
   Постер – ағылшын тілінде «афиша», «хабарландыру». Бұл жарнамаға арналған көркем плакат.

5-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

Суырыпсалма түрінде дайындаған жұмысыңды (постер, би) сынып алдында көрсет. Өз жұмысын және өзгелердің жұмыстарын бағалау.
Мына сұрақтарға жауап бер:

• Сабақта не ыңғайлы болды?
• Қайсы тапсырма қиын болды?
• Сабақта нені әлі де жақсарту қажет?

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

   1. Сұрақтардың дұрыс жауабын тап:

1. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің авторы кім?

А. Құнанбайұлы

Ақан сері

И. Нүсіпбаев

2. «Весенний дождь» музыкалық шығармасының авторы кім?

С. Бәйтереков

А. Исакова

Б. Аманжолов

3. «Өнерлі бала» әнін қай композитор жазды?

Ө. Байділдаев

Б. Байқадамов

Ә. Бүшікова

4. «Қараторғай» әнін кім жазды?

Абай

Ақан сері

Ыбырай

5. «Мүсіндер мұражайында» шығармасының авторы кім?

Ә. Бүшікова

С. Кибирова

Г. Абдрашева

6. Болат Аюханов елімізде қандай атаққа ие болған?

Ресей балетмейстері

Қазақстандағы атақты балетмейстер

Халық әншісі

7. Шара Жандарбек ова қандай өнер арқылы халыққа танымал?

Сурет өнері

Би өнері

Ән өнері

   2. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің қайырмасындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптеріңе жаз:

Қалың ағаш …
… өзді-өзі.
Көрінбей … топырағы,
… жасыл жер жүзі.

   3. «Өнерлі бала» әнінің екінші қайырмасындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптеріңе жаз:

Мен – … баламын,
Қолда сиқыр … .
… тамаша
Суреттерін саламын.

×
×

Cart