Ұлы Дала сал-серілері

Біржан сал

1-тапсырма. Талқылау.

• Суретке қарап, атақты әнші сал-серілерді, ақындарды, күйшілерді, композиторларды ата.
• Олардың атақты адамдар болуына қандай қасиеттері ықпал етті? (Мысалы: өнерге қызығуы, еңбек қорлығы …)
• Өзің неге қызығасың? Қалай атақты болуға болады: жақсы оқу, мақсат қою, ұлы адамдарға еліктеу арқылы және т.б.?

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.

   Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897) – әнші ғана емес, ақын және композитор. Көкшетау өлкесінде дүниеге келген. Оның «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Он саусақ» әндері халық арасына кеңінен таралған.

Қазақ даласында өзінің әншілік өнерімен сал-сері атанған атақты тұлғалардың бірі – Біржан сал.

• Бейнежазбадан Біржан салдың өміріне арналған фильмінен үзіндіні көр.
• Біржан бейнесіне мінездеме бер. Пікіріңді білдіруде мына сөздерді қолдануға болады: дауысы жоғары, тік мінезді, батыл, халық қадіріне бөленген.

   Біржан өнерін қадірлеген халқы оны «Біржан сал» деп атаған. Сал – бірнеше өнер түрлерін (ақын, әнші, композитор, импровизатор-суырыпсалма және т.б.) бойына сыйғызған адам. Біржан салға турашылдық, кейде қажет болса, батырып қатты айту да тән. Байқасаң, Біржан сал әндері асқақ биік дыбыста төгіліп айтылады.

3-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Он саусақ

Біржан сал

1.

Домбырам күйге келер бұрауменен,
Келмейді сөз жүйесі құрауменен.
Гүлденген бәйшешектей қайран жастық
Келмейді, а-хау, қайта айналып сұрауменен.

Қайырмасы:
Он саусағым бір баспай,
Жүрмін қалай жер баспай.
Жиын-тойдың ішінде
Ән саламын осылай.

• Әннің сөзі мен орындалуына назарыңды аудар.
• «Гүлденген бәйшешектей қайран жастық», «Келмейді қайта айналып сұрауменен» сөздерінің мағынасын түсіндір.
• Әннің шумағы мен қайырмасының орындауында қандай ерекшеліктер бар?

4-тапсырма. Орындау.

Он саусақ

(ән қайырмасы)

Біржан сал

Он саусағым бір баспай,
Жүрмін қалай жер баспай.
Жиын-тойдың ішінде
Ән саламын осылай,
ай, ги-ги-гай, ги-ги-гай.

• Ән қайырмасын бірте-бірте тездете орында.
• Ұрмалы музыкалық аспаптармен сүйемелде.

5-тапсырма. Зерттеу.

«Он саусағым бір баспай» әнінен үзінді

• Біржанның «Он саусақ» әнінің қайырмасын нотаға қарап орында.
• Әннің өлшемін анықта.
• Әндегі ноталар ұзақтығын ажырат.
• 24 өлшеміне дирижёрлап, әнді орында.

6-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• Өз орындауыңды таныстыр және сыныптастарыңмен бірге бағала.

×
×

Cart