Ұлы Дала сал-серілері

Ақан сері

1-тапсырма. Зерттеу.

   Ақан сері Қорамсаұлы (1843–1913) – әнші, ақын, композитор. Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Әншінің «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Балқадиша» әндері бүкіл қазақ халқына танымал.

   «Балқадиша» әні әлемге әйгілі.

   Біржанды «сал» деп атаса, Ақанды «сері» деп атаған. Серінің бойында да сал сияқты бірнеше өнер түрі бар. Серілер – сырбаз, жақсы мен жаманды жұмсақ, биязы жеткізген нәзік жандар. Сал-серілік дәстүрді жан-тәнімен жақсы көрген Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы баптаған.

2-тапсырма. Тыңдау және талдау.

Маңмаңгер

Ақан сері

Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүрісің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.

Қайырмасы:
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді ала келдім.

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып Маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.

Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін бейнежазбадан тыңда.

• Суретке және бейнежазбаға қарай отырып, ән мазмұны туралы пікіріңді ортаға сал.
• «Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда» сөздерінің мазмұнын қалай түсінесің?
• Ақан сері жылқы сұлулығын, туған ауылына деген сағынышын қандай әуен арқылы жеткізген (жігерлі, баяу, жылдам, көңілді, лирикалық)?

   Ақанның әндерін көбіне лирикалық әндер қатарына жатқызады. Лирикалық ән адамның ішкі сезімі мен толғанысын білдіреді. «Маңмаңгер» – әншінің жылқысына деген сүйіспеншілігін білдіретін лирикалық ән.

3-тапсырма. Талқылау.

• Суретке қарап, Ақан серіні қалай сипаттар едің?

4-тапсырма. Әнді орындау.

Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін орында.

• Әннің сөздерін анықтап айт.
• Әуенін жай екпінде баяу көркемдеп орында.

5-тапсырма. Суырыпс алма.

«Маңмаңгер» әнінен үзінді

• Әнді екі топқа бөлініп, канон түрінде орында.
• Өлшем ерекшеліктеріне назар аудар.
• Паузаны сақта.
• Әнді мұғалімнің көмегімен орында.

   «Канон» грек тілінен аударғанда ереже, үлгі деген мағынаны білдіреді. Музыкадағы канон дегеніміз көп дауысты музыканың түрі. Мұнда бірінші дауыстағы әуенді екінші дауыс кезектесе қайталайды.

6-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• «Маңмаңгер» әніне канон түрінде (үзінді) орындауларыңды бағала.

×
×

Cart