Музыкалық калейдоскоп

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

• Калейдоскоп ойыншығын есіңе түсір.
• Музыкалық калейдоскоп құруға бола ма?

2-тапсырма. Орындау.

• Сен құрастыратын музыкалық калейдоскоп өткен сабақтарда танысқан атақты тұлғалармен байланысты.

Музыкалық калейдоскоп

(ойын)

   Оқулықта атақты тұлғалар – Ақан сері мен Ахмет Жұбановқа, олардың шығармаларына байланысты бейнелі суреттер берілген.

   Ойынның шарты. Екі топқа бөлініп, әр композиторға берілген суреттер бөліктерінен музыкалық калейдоскоп құрастыр.

3-тапсырма. Таныстыру.

Атақты тұлғалар

(музыкалық калейдоскоп)

Үш топқа бөлініңдер: Ақан сері, Құрманғазы, А. Жұбанов.

Қойылатын талаптары:

 • Әр топ өзі таңдаған атақты тұлғалары жөнінде қысқаша таныстырылым жасайды.
 • Берілген композитор шығармаларынан үзінділер орында және таныстыр:
▪ Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінен үзіндіні канонмен орында.
▪ Құрманғазының «Адай», Махамбеттің «Жұмыр-Қылыш» күйлерінен үзіндіні ля буынымен орында.
▪ Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін өлең түрінде мәнерлеп оқы.

4-тапсырма. Бағалау.

• Әр топ өз таныстырылымын бағалайды..

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

Сұрақтарға жауап бер:

   1. Сал, серілік өнерге сипаттама бер.

   2. Неге композитор А. Жұбановты «қазақ оркес трінің алыбы»
деп атайды?

   3. Біржан салдың «Он саусақ» әнінің шумағындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, дәптеріңе жаз.

… бір баспай,
Жүрмін қалай … .
Жиын-тойдың ішінде
… саламын осылай.

Тест сұрақтары:

   1. Махамбеттің күйі.

А. «Адай»
В. «Жұмыр-Қылыш»
С. «Көрұғлы»
Д. «Балбырауын»
Е. «Би күйі»

   2. Ақан серінің әні.

А. «Ақ көгершін»
В. «Он саусақ»
С. «Елім-ай»
Д. «Маңмаңгер»
Е. «Мәңгілік ел жастары»

   3. Біржан салдың туған жері.

А. Атырау
В. Ақтөбе
С. Көкшетау
Д. Алматы
Е. Жамбыл

   4. Ноталық үзінді берілген музыкалық шығарма.

А. «Мәңгілік ел жастары»
В. «Жұмыр-Қылыш» күйі
С. «Ақ көгершін» әні
Д. «Адай» күйі
Е. «Мәңгілік ел жастары» әні

Сөзжұмбақты шеш

   Сөзжұмбақты дұрыс шешсең, қазақтың сал-серісі – Біржанның есімі шығады.

1. Жалынды ақын.
2. Көне аспап.
3. Күй атасы.
4. Халық оркестрін ұйымдастырған композитор.
5. Ақан серінің әні.
6. Көп дауысты музыканың түрі.

×
×

Cart