Су – ырыстың көзі

1-тапсырма. Тыңдау, ақпарат іздеу, талдау.

   «Су – жердегі ең басты тіршілік көзі. Тірі жандылардың барлығы сусыз өмір сүре алмайды. Су туралы, оның адам өміріндегі алатын орны жөнінде не білдік? Не ұғындық және не үйрендік? Музыка өзінің көркемдеуіш құралдарымен су бейнесі мен сипатын аша алатынын сезіне білдік пе?

   «Су – ырыстың көзі» сабағы судың тіршіліктің негізгі көзі екендігін музыка тілімен жеткізе алуға болатынын қайта дәлелдеуге мүмкіндік береді.

   Оны біз суырыпсалма концерт түрінде өткіземіз. Өзіміздің өнерімізді, қиял мен шығармашылығымызды көрсетіп, музыкалық білім мен іскерліктерімізді тексерейік. Ал ол үшін алдымен концерт дегеніміз не және оны қалай ұйымдастыруға болатынын анықтаудан бастаймыз».

Сұрақтарға жауап бер:

• Концерт дегеніміз не?
• Концертте болып көрдің бе?
• Концерттің қандай түрлерін білесің?

   Концерт – алдын ала арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша музыкалық, хореографиялық, әдеби, сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау әрекеті.
   Эстрадалық концерттерге: эстрадалық-симфониялық және эстрадалық концерттер, эстрада және халық әндерін орындаушылар, эстрадалық-цирк концерті және т.б. жанрлар жатады.

• Интернет желісі, болмаса фонохрестоматия бейнетаспасынан үлгі ретінде концерт түрлеріне байланысты мына үзінділерді қара және талда:

1. «Симфониялық және халық аспаптар оркестрлер айтысы».
2. Ерке Есмахан орындауында «Ақ ерке – Ақжайық» (Ш. Қалдаяқовтың әні) эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде.
3. «Каспий» тобы орындауында «Сырдария жағалауы» әні.
4. «Цыплята», «Сюрприз» үлгілік балалар эстрадалық-спорт ансамблінің орындауында.

Концерттің түрлері

   Симфониялық оркестр
концертінің көрінісі

   «Арман қала – Астана» атты
мерекелік концерттің көрінісі

   Наурыз мерекесіне арналған
оқушылар концертінің көрінісі

   «МузАрт» тобының мерейтойына
арналған концерт көрінісі

Концертті ұйымдастыру және жүргізу талаптары:

1. Концерттің тақырыбын (өткізу формасын) анықтау.

2. Концерттің өткізу күнін, уақытын және өткізу жерін анықтау.

3. Концерттің бағдарламасын немесе сценарийін құрастыру.

4. Концерт нөмірлерін қарап шығу және таңдап алу.

5. Конферансье сөйлеу сөзін ойластыру және жүргізушілерді дайындау.

6. Шақыру билетін дайындау және тарату.

7. Афишаларды дайындау және іліп қою.

8. Концерттің репетициясын ұйымдастыру.

9. Концертті ұйымдастыру және өткізу.

2-тапсырма. Зерттеу.

Концерттің көпшілік алдында арнайы алдын ала дайындалған түрлі нөмірлер орындау түрінің құрамын зерттеу.

• Концертті қалай ұйымдастыруға болады және ол үшін не қажет?
• Концерттің афишасы мен бағдарламасы қалай жасалады?
• Концертке кім қатыса алады?

Афишалар үлгісі

   Афиша – концерт, спектакль, лекция өтілу туралы хабарландыру. Афишада мына ақпарат болу керек: концерттің атауы, күні, уақыты, концерт өтетін жері, мекенжайы мен телефоны, жету жолы және концерт туралы қысқаша мәлімет.
   Концерт бағдарламасы – жұрт алдында орындалатын шығармалар тізімі.

3-тапсырма. Құрастыру.

Концерт бағдарламасын құрастыру талаптары:

1. Концерттің басы мен аяғы көпшілікпен орындалатын көркем нөмірмен басталып, бітуі қажет.

2. Егер концерт әртүрлі жанр мен стильдегі нөмірлерден тұратын болса, онда басында классикалық шығармалардан бастап, біртіндеп заманауи эстрадалық музыкаға көшуге болады. Қатарынан бір типтік нөмірлерді (мысалы, бір нақышта орындалатын әндер) қоюға болмайды. Қатты дыбыста сүйемелденетін, көпшілікпен орындалатын нөмірден кейін, бір адам орындайтын нөмірді қоюға болмайды. Оның орнына, мысалы, ансамбльмен (квартет, трио) орындалатын нөмір қойылады.

3. Концерттің басында кіші жастағы балалар, ал аяғында ересек оқушылар шығады.

«Су – ырыстың көзі» концерті

(суырыпсалма ойын)

   Ойынның шарты. Сынып төрт топқа бөлінеді: «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Балалар музыкасы», «Эстрадалық музыка». Әр топ афиша мен концерт бағдарламасын дайындайды.
   Бірінші топ концерт мазмұнын – классикалық музыка, екінші топ – халық музыкасы, үшінші топ – балаларға арналған концерт, төртінші топ эстрадалық музыка бағытында жасайды.
   Оқушылар өткен тақырыптар бойынша және аталған тақырыпта үйренген әндер мен тыңдаған шығармаларды, тақпақ-өлеңдерді және т.б. естеріне түсіріп, концерттік бағдарлама құрастырады. Концерт мазмұнына басқа пәндерде өткен өлең-тақпақтарды, қызықты әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, интернет желісінің материалдарын да енгізуге болады.

4-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

Өз композицияңды көрсет және бағала.
Мына сұрақтарға жауап бер:

• Жұмыста не қолайлы шықты?
• Қайсы жұмыс қолайсыз болды?
• Жұмыста нені әлі де жақсарту қажет?

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

   1. Сұрақтардың дұрыс жауабын тап:

1. Суды қалай сипаттауға болады?

Сұйық, дәмсіз, иісі жоқ табиғи зат

Ішуге болмайтын сұйық табиғи зат

Иісі жұпар, әдемі, жылтыр

2. Үшбұрыш дегеніміз не?

Ойынның бір түрі

Терезені құрастыратын зат

Үшбұрыш сияқты, темірден жасалған музыкалық аспап

3. Асатаяқ қандай аспап?

Сыбызғы сияқты үрлейтін музыкалық аспап

Сілкіп ойнайтын музыкалық аспап

Кіші жастағы балалардың ойыншығы

4. Қоңырау қандай аспап?

Гүлді өсіретін зат

Балалар ойыншығы

Темірден (күмістен) жасалынған ұрмалы аспап

5. Композитор дегеніміз кім?

Музыкалық шығармалардың авторы

Оркестрде ойнайтын маман

Өлең жазатын ақын

6. Дирижёр дегеніміз кім?

Хор партияларын орындайтын маман

Музыкалық шығармаларды орындайтын орындаушылар тобын басқаратын жетекші

Концерт ұйымдастыратын маман

7. Репертуар дегенді сен қалай түсінесің?

Театр, концертте орындалатын шығармалардың жиынтығы

Ноталар жиынтығының тізімі

Кітапханада берілетін шығармалар тізімі

   2. «Ақбұлақ» әнінің қайырмасындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптеріңе көшіріп жаз:

Сенің келіп …
Анам талай су … .
Сенің келіп …
… атын суарған.
… Ақбұлақ,
Асыр салғам … .
… артық өлкені
Бұл … табам ба!

   3. «Аралдан ұшқан аққулар» әнінің екінші қайырмасындағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптеріңе көшіріп жаз:

Қия алмай қанат … ,
Қона алмай … барады,
… құстар жанары, Аралым.
Ең алғаш сені … ем,
Аққуды теңіз … ,
… орны – Өмір ең, Аралым.

×
×

Cart