Көңілді адымдайық

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

   Бейнежазбадан әскери шеруді тамашала. Байқайсың ба, мерекеде барлық әскерилер бір сапта бірге адымдап, бір ырғақта қадам жасайды. Мұндай бірнеше адамның бірге жүру үйлесімін қамтамасыз ететін музыкалық жанр «марш» деп аталады.

2-тапсырма. Тыңдау және орындау.

Ән сал, сарбаз!

Өлеңін жазған: Р. Бейсенұлы
Әнін жазған: О. Сәдуақас

1.

Сайдың серке тасындай қатар тізілген,
Шеру тартқан көркіне елің сүйсінген,
Ән салшы, сарбазым, назданып салған өзіңе әнім.

Қайырмасы:

Ай-хай, қамажайым-ай, салған әнің-ай.
Жабырқадым, ай-хай, күтсең болғаны-ай!

 

2.

Ер жігітке аманат туған даласы,
Даласына жарасар сұңқар баласы.
Ән салшы, сарбазым, күтумен жүрмін өзіңді, жаным.

Қайырмасы:

Пай-пай, қырандарым-ай, ұландарым-ай,
Шарықтасын, ай-хай, ұрандарың-ай.

«Ән сал, сарбаз!» әнін тыңда, бейнежазбасын көр.

• Ән қандай көңіл күйде орындалды?
• Әннің берілген шумағы мен қайырмасын қыздар орындасын, ұлдар орындарында тұрып, ән ырғағына адымдасын.

3-тапсырма. Импровизация.

• Ұлдар «Ән сал, сарбаз!» әнінің «Ай-хай, қамажайым-ай, салған әнің-ай. Жабырқадым, ай-хай, күтсең болғаны-ай» әнінің қайырмасын орындайды.

• Қайырмадан кейін ұлдар (қолымен, қалам көмегімен) марштық ырғақты көрсетеді.
• Қыздар осы ырғаққа «Қамажай» әнінің әуенін ля буынында орындайды.

4-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• Импровизацияны орында және бағала.

×
×

Cart