Балалар мерекесі

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

   Әлемде 1 маусым Балаларды қорғау күнін көптеген елдер атап өтеді. Себебі, ол 1950 жылдан бастап халықаралық мереке болып саналады.

• Бейнежазбадан балалар мерекесін тамашалап, сыныптастарыңмен бірге осы мейрам жөнінде ойыңды ортаға сал. Өзіңнің туған жеріңде балалар мерекесі қалай аталып өтеді?

2-тапсырма. Талқылау.

Сыныптастарыңмен бірге «Балалар мерекесін» ұйымдастыруға қатыс. Бағдарламаны өзің өткен тақырыптарың бойынша музыкалық орындау, музыкалық ойын ойнау түрінде жоспарла.

3-тапсырма. Ойын.

Музыкалық ойын

• Суреттер қай әндердің мазмұнына сәйкес?

• Берілген ноталарға қарап әнді, күйді тап.

• «Кемпірқосақ» әнінің өлең жолдарын ретімен қой.

Өзен-көлдің үстіне
Күннің көзі ашылды.
Кемпірқосақ асылды,
Жаңбыр жауып басылды.

• «Мәңгілік ел жастары» әнінің өлең жолдарын ретімен қой.

Болашаққа сеніммен,
Қыран ұшқан көгіммен.
Елім менің қарайды,
Ұлы Дала жеріммен .

• Біржан салдың «Он саусақ» әнінің қайырмасындағы реттілікті көрсет.

Жиын-тойдың ішінде
Он саусағым бір баспай,
Ән саламын осылай,
Жүрмін қалай жер баспай.

4-тапсырма. Зерттеу.

• Біржан салдың «Он саусақ» әнінің қайырмасындағы реттілікті көрсет.

• Берілген театрлар қай мемлекеттерде орналасқан?

5-тапсырма. Орындау.

Құлыншақ

Өлеңі мен сөзін жазған: Т. Тоғжанов

Күн нұрынан жаралғандай,
Асылым еркем.
Қылығыңа көз тоймайды,
Сөздерің әсем.
Арда елдің ерке өскен
Ар-намысы сен.
Ата-анаңның мақтанышы,
Қуанышы сен.

Қайырмасы:

Сен бақытымсың,
Сен асылымсың.
Сен арманымсың,
Сен жалғасымсың.

Жерін сүйер азат елдің
Ерке ұланы.
Көк аспанда шарықтасын
Қазақ ұраны.
Бақыттысың туған жердің
Болсаң қыраны.
Ата-анаңның орындалар
Асқақ арманы.

Қайырмасы:

• «Құлыншақ» әнін үйрен, көркемдеп орындау сайысына қатыс.

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР

Үйренгеніңді тексер:

   1. Сұрақтарға жауап бер.

• Қандай кәсіби мерекелерді білесің?
• Мамыр айында қандай мерекелер тойланады?

   2. «Егемен елім» әнінің өлең жолдарын толықтыр.

Көңілім күмбез … ,
… бастау тілегі
Ұрпағы сайын даланың
Елім деп соққан …

   3. «Құлыншағым» әнінің өлең жолдарын ретімен қой.

Асылым еркем.
Күн нұрынан жаралғандай
Сөздерің әсем.
Қылығыңа көз тоймайды,
Ар-намысы сен.
Арда елдің ерке өскен ,
Қуанышы сен.
Ата-анаңның мақтанышы.

Тест сұрақтары

   1. Салт-дәстүрге қатысты ән.

А. «Егемен елім»
В. «Тұсаукесер»
С. «Ән сал, сарбаз!»
Д. «Бойчечак»
Е. «Калинк а-малинк а»

   2. Ресми түрде бекітілген салтанатты мейрам.

А. Мұғалім күні
В. Құрылысшы күні
С. Білім күні
Д. Спорт күні
Е. 1 мамыр

   3. Сөз сайысы …

А. терме өнері
В. ән өнері
С. айтыс өнері
Д. күй өнері
Е. би өнері

   4. Музыкалық өне рдің бірне ше түрге бөлінуі –

А. жанр
В. лад
С. қарама-қайшылық (контраст)
Д. мажор
Е. минор

Сөзжұмбақты шеш

• Сөзжұмбақты дұрыс шешсең, сен танысқан бөлім атауларының бірі шығады.

1. Бір сапта, бір ырғақта бірге адымдау.
2. Әске рилердің (сарбаздардың) мейрамдағы салтанатты адымдауы.
3. Үрлемелі жезді аспап.
4. Көп аспаптардан құрылған топ.
5. Ұрмалы аспап.
6. Үрлемелі ағаш аспап.

×
×

Cart