Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Қажетті ақпаратты түсінемін, сөйлеуде пайдаланамын.

1. Өлеңді түсініп оқы.

Абай Құнанбаев
1845–1904

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!

Жамбыл Жабаев

2. Жыр абызы Ж. Жабаевтың өлеңіне сүйеніп, 2 сөйлем құрастыр.

3. Тыңда.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы – көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

… Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

Абай Құнанбаев

4. Өлең деген не? Ақын ойын өрбітіп әңгімелеңдер. Абай қандай талаптар қояды?

Өлең – сөз өнері.

5. «Сөз өнерін сен де үйрен» деген ақын ойы қай жолдарда келтірілген? Қалай үйреніп жүргенің туралы айт.

6. Келтірілген пікірлерді өңдеп, тұжырым жаса.

7. Айтқандарыңды реттеп, жүйелеп, қағаз бетіне түсір. Тақырыбын «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп атауыңа болады.

×
×

Cart