Салфеткаға қағаздан шығыршық жасаймыз

      Анаңның қонақ келер кезде дастарқан жасап жатқанын талай көрген боларсың?!  Ол дәмді тағамдарды   дастарқанға барынша сәндеп қояды. әдемі ыдыс-аяқтар , вазаға гүл, әшекейлі салфеткалар қойылады.         Салфеткаларды әдемі шығыршықтарға кигізеді. Олар металл , пластик, фарфордан жасалады. Сен де мұндай   шығыршықтарды жасай аласың.

Саған түрлі түсті жұқа қатырма қағаз, қайшы, сызғыш, желім, түсті фломастерлер керек.

    ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1) қатырма қағазды 5см х 15см етіп сызғышпен өлше. Қанша шығыршық жасағың келсе, сонша қағаз жолағын қиып ал ;

2) қағаз жиектеріне желім жағып, бір-біріне жапсыр ;

3) түрлі түсті қатты қағазға жай қарындашпен әшекейлі суреттер сал . Ол балық, гүл, құс болуы мүмкін. Суреттердің өлшемі 5 см-ден аспауы тиіс;

4) суреттерді  сәнде.  Оларды   фломастермен   өрнектеп,   аппликациямен   әшекейлей   аласың;

  1. Сәндеу дегеніміз не екенін есіңе түсір.                                                                  2. Заттарды қандай бөлшектермен сәндеуге болады?

  5) суреттерді қайшым ен ұқыптап қи;

  6) әшекейлерді шығыршықтарға желімде.

   САЛФЕТКАНЫ ӘШЕКЕЙЛЕЙМІЗ

      Салфетканы қатпарлап бүктеп, бір қағаз шығыр шығына түсі әртүрлі екі-үш салфетканы кигізуге болады. Сонда жарасымды көрінеді. Салфеткаларды дайын шығыршықтарға кигіз. Желпуіш тәрізді етіп тәрелкелерге қой. Түсі ашық салфеткалар қою түсті тәрелкелерде, қою түстілері ашық түсті тәрелкелерде жақсы көрінеді.

  Салфетканы әдемілеп бүктеу жолдары туралы мәліметтерді Интернеттен тауып оқы.

 №1 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

  ТАНЫСТЫРУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

      «Бауырсақ» сөзі «бауырласу» сөзінен шыққан деген пікір бар . Бауырсақ қазақ қонақжайлылығының символы бола ала ма ? Сен бауырсақ туралы өз шешіміңді түсіндіріп көр.

  1. Жасаған натюрмортыңның шығармашылық ойын түсіндір.

  2. Натюрмортыңның композициясы туралы айтып бер. Заттарды қалай                       орналастырдың?

  3. Натюрмортта нені бейнеледің?

  4. Неліктен дәл осы заттарды таңдадың?

1. Натюрморттағы заттарды қалай орналастырған дұрыс?

2. Көпқатарлы композиция дегеніміз не?

  Интернеттен қазақ дастарқаны туралы мәліметтерді тауып, сыныптастарыңмен бөліс.

  БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ

  1. Қазақ дастарқанын суретте.

  2. Мерекелік дастарқанға қандай тағамдар мен ыдыстар қойылады?

  3. Қандай дәстүрлерді білесің?

  4. Дастар қанды қалай жасайды?

  5. Анаңа дастарқан жаюға көмектесе аласың ба?

  6. Салфеткаға арналған шығыршықты қалай жасағаныңды айтып бер.

  7. Олар мерекелік дастарқанға сән бере ала ма ?

  8. Бұл бөлімнен не білдің және не үйрендің?

×
×

Cart