«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар

1-тапсырма. «Бауырлар» өлеңі бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
Автор көзқарасы:_______________________
Өлеңдегі эмоциялық мәні бар сөздер:_______________________

• Өлеңдегі «Туы да бір ішетін суы бірдің» деген тіркестің астарлы мәнін түсіндіріңдер.
• Өлеңде көтерілген мәселе қазір де маңызды ма?


2-тапсырма. «Бекторының қазынасы» әңгімесі бойынша «Егер …, онда …, өйткені …» әдісімен кейіпкер туралы өзіндік ой-пікірлеріңді білдіріп, логикалық қорытынды жасаңдар.

«Егер мен______________________________________орнында болсам, онда мен______________________________, өйткені____________________________________________________________________________________________»


3-тапсырма. «Бекторының қазынасы» туындысының ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? 3 ерекшелігін жазыңдар.
1.
2.
3.


4-тапсырма. «Бекторының қазынасы» әңгімесіндегі оқиға шешімі оқырман ретінде сендерге қалай әсер етті? Ойларыңды талдап жазыңдар.


5-тапсырма. «Шал мен теңіз» повесі мені несімен қызықтырды?» деген сұраққа жазбаша жауап жазыңдар.


6-тапсырма. «Пирамида құру» (жеке – жұп – сынып) әдісімен «Шал мен теңіз» повесін уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдаңдар.

1. Жұпқа бөлініп, повестегі уақыт пен кеңістік көрінісі туралы өздеріңнің идеяларың, ойларың, пайымдауларыңмен бөлісіңдер.
2. Төрт адамнан тұратын топқа бірігіп, повестегі уақыт пен кеңістік көрінісін талқылаңдар.
3. Бүкіл сынып болып уақыт пен кеңістік көріністерін тақтаға жазыңдар.

×
×

Cart