Мақтауға, мақтануға тұратын жер

Көркемсөздерді білемін және қолданамын.

1. Ақын туралы не білетініңді есіңе түсір.

Ілияс Жансүгіров
1894–1938

  • ?
  • ?
  • ?

2. Мәнерлеп оқу үлгісіне назар аудар.

Көкшетау

Таудағы тасқындаған ағын судай,
Өлеңім басталады таудан ұдай.
Әсемін әңгіменің көп таратқан
Айтылмай қалған екен тау мынадай:

Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас
Төгіліп көк жиекке саудыраған.

Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен,
Талайы осы таудың бізге біткен.
Мақтауға, мақтануға тұратын жер
Айтамын Көкшетауды даңқы кеткен.

Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,
Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен.
Қия құз, жақпар сарай, бура тастар
Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен.

Көкшетау жер жаннаты жеке біткен,
Бұл сұлу кең далада бойын күткен.
Жомарт тау, дастарқанды, момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен.

Көк кілем, балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған.
Ақ қант аспандағы сонда жауып,
Бал бұлақ тауданб тастан орғылаған.

Арқаның алқа қонған даласына,
Ауылдай таулар отыр жарасымда.
Алапқа бетегедей киіз төсеп,
Оранған орманды тау ағашына.

Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,
Көлдері кең, мөлдірі тап осында.
Айдыны ала шұбар, құс қиқулар,
Ауыл, мал, масаты көл жағасында.

Ілияс Жансүгіров

заттың не құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын айқындай түсу үшін қолданылатын көркемсөз түрі.

жанды-жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіре суреттейтін көркемдік тәсіл.

басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

тау бөктерінде, далалық жерлерде өсетін өсімдік.

3. Мәтінге сүйеніп, сызба бойынша көркем сөздерді тауып айт.

4. Мұғалімнің көмегімен ақын ойын түсіндіріп жаз.

5. Көркемсөздерге қандай сурет салатыныңды айт.

6. Өлеңнің әрбір шумағына қандай табиғат суретін салар едің? Сол суретті сөзбен сипаттап айт.

7. Рөлге еніп, сахнала.

1. Мен жомарт таумын. Мен адамзатқа …
2. Мен шипа таумын. Мен адамзатқа …

×
×

Cart