Ауыл таңы

Мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелеймін.

1. Тірек сөздердің қай жазушының шығармашылығына қатысты екенін айт.

«Алғашқы айлар», «Шаңғышылар», «Бурабайға саяхат», Жарқын.

2. Түсініп оқы.

Таңның атуы

  Түннің салқын самал, таза ауасын жұтқым келіп, тысқа шықтым. Шығыс жақ сарғайып, таң да атып келеді екен. Атып келе жатқан таң, шіркін, әдемі болады екен ғой! Шығыс жақ көкжиек алқызыл нұрға бөленген. Одан жоғары аспан кеңістігі ағарып айқындала бастаған. Жұлдыздар да сирепті. Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр. Оның Шолпан екенін ол жұлдыз таң алдында туады деген жұрт сөзіне қарай жобалаймын. Бұл – менің ағарып атқан жазғы таңды ең бірінші рет көруім еді. Таң сәулесі жанымды жадыратып, кеудеме нұр құйғандай болды. Көңілімдегі қорқынышты ойлар серпіле бастады. Таң нұрын тамашалап мен далада біраз тұрдым. Үйге қайта келіп, орныма жаттым. Кешікпей-ақ әжем де сиыр сауа бастады. Таң торғайларының шырылдаған әдемі дауысы естіледі.
  Әжемнің шелегіне сүттің сырылдап құйылғаны да құлағыма келеді. Осы дыбыстарға құлағымды тоса маужырап жатып, ұйықтап кеткенімді де сезбей қалдым.

Мұқан Иманжанов

3. Мәтіннен осы тақырыпты ашатын 5 сөз тіркесін тауып ата.

Ауыл таңы

4. Көркем ойды өз бетіңше жалғастырып айт.

Бұл – менің ағарып атқан жазғы таңды ең бірінші рет көруім еді. …

5. Мәтін мазмұнына сай берілген суреттерге өз жаныңнан тағы не қосар едің? Толықтырып әңгімеле.

Таңғы тіршілік

6. Мәтінге сүйеніп, сәйкестендіріп айт.

1. Электр шамындай 
2. Шолпан жұлдызы

таң алдында туады.
жарқырап тұр.

• Шолпан жұлдызы туралы тағы не білесің? Толықтырып айт.

7. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз (8–10 сөйлем). Мәтіндегі көркем ойды пайдалан.

×
×

Cart