Төртінші бөлім бойынша тест тапсырмалары

1. Ежелгі түркі әліпбиіндегі әріптер саны:

А) 29
В) 30
С) 33
D) 35
Е) 41

2. Орта ғасырлардағы қыпшақтардың әдеби ескерткіші:

А) «Даналық кітабы»
В) «Руна жазуы»
С) «Кодекс Куманикус»
D) «Күлтегін жазуы»
Е) «Тарих-и-Рашиди»

3. Қарахан дәуірі жазба әдебиетінің атақты өкілі:

А) Қожа Ахмет Ясауи
В) Сүлеймен Бақырғани (Хәкім ата)
С) Әли Иезди
D) Жүсіп Баласағұни
Е) Махмұт Қашғари

4. «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» еңбектерінің авторы:

А) И.Г. Георги
В) П.С. Паллас
С) П.И. Рычков
D) М.В. Ломоносов
Е) И.К. Кириллов

5. Қазақтың алғашқы этнографтарының бірі:

А) Мұса Шорманов
В) Мұхаммед-Салық Бабажанов
С) Ы. Алтынсарин
D) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Е) Әлихан Бөкейхан

6. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысының өкілдері:

А) Демократтар
В) Жәдитшілдер
С) Социалистер
D) Діндарлар
Е) Мұғалімдер

7. Сауатсыздықты жоюда маңызды рөл атқарған мекеме:

А) Рабфак
В) «Қызыл отау»
С) Медреселер
D) Мектептер
Е) Арнайы курстар

8. Қазақ тіліндегі алғашқы Қазақстан тарихы оқулығының авторы:

А) Ә. Ермеков
В) Ж. Аймауытов
С) А. Байтұрсынұлы
D) С. Асфендиаров
Е) С. Сейфуллин

9. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылған жылы:

А) 1939 жыл
В) 1942 жыл
С) 1946 жыл
D) 1950 жыл
Е) 1960 жыл

10. Дарынды жастарды шетелдерде оқытуға арналған мемлекеттік бағдарлама:

А) «Халықаралық бағдарлама»
В) «Болашақ»
С) «Зияткерлік қор»
D) Грант
Е) Жолдама

×
×

Cart