ЗАМАНАУИ ИНДУСТРИЯ: ҰЛТТЫҚ ӨНДІРІС ЖЕТІСТІКТЕР

1. Сұраққа жауап бер.

Суреттің индустрияландырумен қандай байланысы бар? Ақпарат көздерінен бұл белгінің тарихы, қоғамдағы маңызы туралы мағлұматтар жинап, өз ойыңды таратып айт.

2. Ғаламтор материалдары арқылы әлемде ұлттық брендке айналған отандық тауарларды анықта. Олардың бірі туралы «Қазақстандық бренд» тақырыбында жарнама мәтінін жаз.

3. Мәтінді тыңда.

4. Мәтіндегі нанотехнологияларға қатысты ақпараттарды конспект түрінде жаз. Терминдердің мағынасын анықта.

5. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша нанотехнологиялардың болашақ отандық өндіріске әкелетін пайдасы туралы диалог құрыңдар.

6. Мәтінді оқып, тезис жаз.

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдер қатарынан табылуы үшін қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін алға жылжыту, өзіміздің бәсекеге қабілетті инновациялық технологияларымызды құру қажеттігін ашып көрсетті. Бұл жерде ғылымда көптеген жаңа бағыттар ашу емес, керісінше, бар бағыттарды нәтижеге жететіндей етіп азайту, яғни экономикамызға жақын арада мақсатты нәтиже беретін бетбұрыс алу керек.
    Нанотехнологиялар – бұл қазақстандық ғылымда бар бағыттарды еліміз үшін маңызды бір деңгейге дейін қысқарту.        Нанотехнологияның даму тарихына көз жүгіртсек, XIX ғасырда Левенгуктың микроскобынан кейін адамдардың жаратылыстану ғылымын салаларға: физика, астрономия, химия және биологияға бөлу процесі аяқталды. ХХ ғасырда әсіресе 1931 жылы электрондық микроскоп ойлап табылған соң, ғылымды материяға терең ену деңгейіне қарай интенсивті бөлшектеу басталды. Мәселен, физика молекулярлық, атомдық, ядролық, кванттық болып бөлінді.
Химия мен биология да дәл осындай өзгеріске ұшырады: атомдық химия, молекулярлық және микробиология, генетика және т.б. пайда болды. Сонымен бірге жаңа салалар интеграциясыда қатар дамыды. Мәселен, химия мен биологияның, биологияның химиямен, физикамен тоғысында жаңа пәндер дамыды. Мысалы, бионика, кванттық химия және т.б.
   ХХ ғасыр ортасында бұған технологияның жетілуіне бағытталған ірі бизнес қосылды. Bell фирмасы зертханасында жаңа ақпараттық эра көзі болып табылатын алғашқы транзистор құрастырылды. IBM фирмасының зертханасында зондтар көмегімен жеке атомдарды орнын ауыстыра отырып, жаңа қасиеттері бар керемет материалдарды құрастыруға мүмкіндік берген магниттік зондтық микроскоптар сериясы жасалды. Бұл екі жаңалық ғылым мен технологияға «нано» деген тіркес беріп, наноғылым мен нанотехнологияларды дүниеге әкелді. 2005 жылы IBM зертханасы қызметкерлері жекелеген атомдарды көруге және жекелеген электрондарды басқаруға мүмкіндік беретін жаңа микроскоп түрін жасап шығарды.


(http://www.stat.kz/)

7. Мәтіннің екінші абзацының мазмұны бойынша кестені парталасыңмен бірге 3 минутта толтыр. Басқа жұптармен алмастырыңдар.

8. Мәтіндегі ақпаратқа сүйеніп, жаратылыстану ғылымдарының интеграциясын көрсететін сызба жаса. Оны сынып алдында түсіндір.

9. Жағдаят: сен қазақ телеарнасына дикторлыққа жарияланған кастингке қатысуға келдің. Мәтінді стильдік сипатына тән мақаммен оқу талап етілді. Мәтінді оқы. Сынып ең үздік үміткерді таңдасын.

   Бүгін Астанада сапа саласындағы жетістіктері үшін «Алтын сапа» Президент сыйлығымен марапаттау салтанатты шарасы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқаудың жеңімпаздарын марапаттау және Индустрияландыру күні аясында телекөпір өтеді, – деп хабарлайды BNews.kz.
    Биыл «Алтын сапа» Президент сыйлығына 100-ден астам кәсіпорын үміткер болды. Бұл сыйлық дәстүрлі түрде үш санат бойынша үш аталыммен беріледі: жеңімпаздар «Сапа көшбасшысы», «Ең үздік индустриалдық жоба», «Ең үздік инновациялық жоба» негізгі аталымдары бойынша және алғаш рет «Азық-түлік немесе ауылшаруашылығы тауарларын өндіретін ең үздік кәсіпорын» аталымы бойынша анықталады.
   «Алтын сапа» байқауының мақсаты – кәсіпорындар мен ұйымдардың отандық өнім сапасын арттыру бойынша жұмысын белсендіру, Қазақстан нарығында бәсекеге қабілетті өнімнің артуынаықпал ету, сонымен қатар халық арасында сапа идеясын насихаттау.

10. Жағдаят: бүгін – Индустрияландыру күні. Өзің тұратын өлкедегі отандық өндірісте үлкен жетістіктерге жеткен танымал кәсіпкерге құттықтау папкасын дайындау саған тапсырылды.

   Құттықтау хатта кәсіпкердің отандық индустрия саласын дамытудағы еңбектерін, басты жетістіктерін және әлеуметтік салаларға демеуші ретіндегі үлесін атап көрсет. Танымал тұлғаның жас ұрпаққа берген тағылымдық өнегесіне алғыс білдір. Оған жерлестері мен болашақ ізбасарларының атынан тілек айт.

11. «Жалғастыр». Ақпаратты оқы. Әртүрлі дереккөздерден 2016 жылы «Ұлы Дала Елі» брендін жеңіп алған отандық компаниялар туралы мәліметтерді тауып, мәтінді әрі қарай жалғастырып жаз.

    «Ұлы Дала Елі» негізгі брендін пайдалану құқығын беруді ұйғару үшін байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қазақстан брендін халықаралық ауқымда ілгерілетіп жүрген отандық компаниялар жақын және алыс шетелдерде кеңінен насихаттау мақсатында негізгі брендті пайдалану құқығын иеленеді. «Ұлы Дала Елі» негізгі бренді отандық үздік компанияларға – еліміздің үздік экспортерлері ретінде ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне жыл сайын табысталады. Осылайша, «Ұлы Дала Елі» бірыңғай бренді мен ең үздік қазақстандық өнімдер мен қызметтер біріктіріледі, ал эмблема еліміздің «бет-бейнесіне» айналып, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі мен танымалдылығын арттырады және «Ұлы Дала Елі» өнімдерінің жоғары сапасын паш ететін болады…

12. Рөлдік ойын: «Біздің ұлттық компаниямыз ». Қазақстандағы үздік ұлттық өндіріс жайлы ақпарат жинаңдар. Сол өндіріс иелері ретінде әріптесің екеуің Парламент мәжілісінде тұсаукесер жасаңдар.

13. Сабақта өткен материалдарды INSERT оқыту стратегиясы бойынша талда. Төмендегі белгілермен әр абзацты немесе сөйлемдерді белгіле. Өз ойыңды қорытындылап жаз.

×
×

Cart