Қазақстан болашағы және музыка

1-тапсырма. Ойтолғау. 

   Қазақстан бүгінгі күні нық сеніммен болашаққа алға басты. Болашаққа деген мұндай сенімділік халқымыздың өз құндылықтарын: тілін, дәстүрін, мәден иетін, өнерін құрмет тұтып, сақтап қалуымен тығыз байланысты. Сондықтан дәстүрлі музыкалық өнер мен заманауи музыка өзара үйлесімділікте болашақта қатар жүреді.

2-тапсырма. Ән орындау.

   Композитор С. Еркімбековтің «Добрая мечта» әнінің жеке дауыс, хор, тақпақ түрінде айтылатын тұстарын талапқа сәйкес орында. Ән мәтінінің мазмұнына қарай қол қимылдарыңмен музыкалық композиция жаса.

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

  Екі топқа бөлініп, «Ән әлемі», «Аспаптар әлемі» деген тақырыптарға шығармашылық жұмыс дайындаңдар.

1-топ: «Аспаптар әлемі» тақырыбына коллаж жасаңдар. Жыл бойы танысқан аспаптарды көне түрінен бастап жаңа
түріне қарай рет-ретімен орналастырыңдар.

2-топ: «Ән әлемі» тақырыбына коллаж жасаңдар. Жыл бойы өткен әндерден өздеріңе ұнаған мәтінге суреттер
салыңдар.

4-тапсырма. Шығармашылық жобаны таныстыру және бағалау.

1. Тақырып бойынша тапсырмаларды қалай орындадым?
2. Дайындаған тапсырманың қай жағы дұрыс, ал қай жағы кем болды?
3. Орындағанда қандай қиындықтар кездесті?
4. Шығармашылық жобамды қалай жақсартар едім?

×
×

Cart