Өсімдіктер патшалығына Жер шарымызда өсетін барлық өсімдіктер топтастырылған. Оларды құрылымына қарай екі үлкен топқа бөледі.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер бір жасушадан да тұруы мүмкін. Бұл өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылымы өте қарапайым болады, сондықтан оларды қарапайым өсімдіктер деп атайды.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлық мүшелері (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, тұқымды жемісі) айқын көрінеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығы тұқымды және споралы деп бөлінеді. Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктердің гүлдерінен тұқымды жемістер пайда болады, ал споралы өсімдіктердің гүлі болмайды. Бұл өсімдіктерде жаңа өсімдік өсіп шығатын споралар түзіледі. Оларға мүк, қырықбуын, қырықжапырақ жатады.