Адам ауаны қалай пайдаланады?

- адамның ауаны қалай пайдаланатынын анықтай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырманы орында

1. Жұмбақты шеш.
  Бар ма, жоқ па,
  Оны анық білмейсің.

  Ол жоқ жерде
  Өмір сүріп жүрмейсің.
2. Ауаның қасиеті туралы кластер құрастыр.
3. Ауаның құрамындағы газдарды ата.
4. Неліктен Жер шарымызда ауасыз өмір жоқ?

Әсел топтық зерттеу жұмысын ұсынады.

Зерттеңдер

  Мақсаты: ауаның қандай қасиеті бар екенін анықтаңдар.
  Болжам жасаңдар
  Болжамдарыңды мына сөздерден бастаңдар: «Ауа сығылады, себебі …».
  Өз болжамдарыңды тексеріңдер
  1. Кең түтіктің екі жағына картоп кесектерін кесіп қойыңдар.
  2. Қолдарыңа қарындаш алып, түтіктің бір жағынан картоп «тығынды» ішіне қарай абайлап итеріңдер.
  3. Не болғанын бақылаңдар.
  4. Неліктен олай болды?
  5. Түтік ішіндегі ауаға не болды?
  Қорытынды жасаңдар. Нәтижесін дәптерлеріңе жазыңдар.

  Суреттерге қараңдар. Адам ауаны қандай қасиетіне қарап қолданғанын анықтаңдар.

  Ауаны қай жерде және қалай пайдалануға болатынын болжап айтыңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Ауаны, сондай-ақ басқа да заттарды адамдар олардың қасиеттеріне қарай пайдаланады.
  Ауаның икемділік қасиетін допты, автокөлік, автобус пен троллейбус доңғалақтарының шиналарын толтыру үшін қолданылады.
  Ауа жылуды нашар өткізеді. Дәл осы қасиеті терезе дайындауда іске асады. Терезелерді екі немесе үш камералы етіп жасайды. Осылайша әйнектердің арасында аздаған ауа қалады. Ол даладан үйге суық ауа кіргізбейді, ал жылуды сыртқа шығармайды. Ауаның бұл қасиеті қыста адамдардың далада тоңбауына да көмектеседі, себебі дене мен киімнің арасында да ауа бар.
  Өнеркәсіпте, мәселен, болат өндірісінде ауаның әртүрлі қасиеттері пайдаланылады.
  Ауаның арқасында кейбір аппараттар – соғу балғасы (шойбалға), дәнекерлеу аппараты, жел генераторлары жұмыс істейді.
  Адамдар ауаны сығуды үйренді. Ол акваландық баллондарды, кейбір электронды бөліктерді тазалау үшін қолданылады, пойыз бен метроның есіктерін ашып, жабатын да осы сығылған ауа.

  Сызбаға қара. Адамдардың ауаны қалай қолданатынын анықта.

Сабақты қорытындылау

1. Ауаның қандай қасиеттерін білесің?
2. Бұл қасиеттер қай салада қолданылады?
3. Сен күнделікті ауаның қандай қасиетін қолданатыныңды анықта.

  Ауаны тағы қалай қолданатыны туралы ғаламтордан ақпараттар тап.

×
×

Cart