Ауа неліктен ластанады?

- ауаның неліктен ластанатынын анықтай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Ауаның қандай қасиеті бізге қоршаған заттарды көруге мүмкіндік береді?
2. Атмосфера Жер шарымызды неден қорғап тұр?
3. Жер атмосферасына не зиян келтіретінін болжап айт.

Сызбаға қараңдар. Мыналардың ауа тазалығына қалай әсер ететінін анықтаңдар.

  Бұлардың қайсысы ауа сапасына нұқсан келтіретінін болжап айтыңдар. Пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Сызбаға қара. Ауаның қалай ластанатынын анықта.

Білу үшін оқы

  Тыныс алу үшін барлық тірі ағзаларға таза атмосфералық ауа қажет. Егер ауаға өзіне тән емес заттар енсе, мұны ауаның ластануы деп атайды.
  Ауаның ластануы табиғи немесе жасанды түрде болады.
  Ауаның ластануы сипаты жағынан:
  1) физикалық – механикалық (шаң, күл); шулы (қатты дыбыстар), жылулық (жылы ауаның шығуы);
  2) химиялық – зиянды газдармен ластануы (көмірқышқыл газдың артықтығы, аэрозольдар);
  3) биологиялық (микроағзалар, споралар, өсімдік тозаңы).

Ауасы ластанған қала (тұмша)

  Жанартау атқылау барысында жылу, шаң және газ көп мөлшерде ауаға түседі. Жанартаудың күлі мен шаңы 30–40 километр биіктікке дейін көтеріледі. Күл мен шаң бірнеше ай бойы тұнып тұрып қалады да, ауаның күрт сууына алып келеді. Күшті жел шаңды бұрқыратып, ауаны бұл да ластайды. Автомобиль транспорты, фабрика, зауыттар жұмыс істеген кезде ауаға көп мөлшерде зиянды заттар араласады.
  Ауада зиянды заттардың мөлшері артып кеткен кезде тұмша пайда болады. Тұмша көбінесе зауыт, фабрика, бензин және дизельді жанармаймен жүретін транспорты бар ірі қалаларда болады.
  Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң» бар. Бұл Заңда барлық экономикалық нормалар мен ережелер біріктірілген. Яғни бұл Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды. Егер өнімдер қорғау талаптарына жауап бермесе, оларды қолдануға тыйым салынады.

Қызықты деректер

• Қытай – ауаның ластануы ең жоғары деңгейдегі елдердің бірі.
• Әсіресе ластанған ауамен тыныс алу балалар үшін қауіпті. Зиянды заттар негізінен жерге жақын ауа қабатында жиналады – бұл балалардың тыныс алатын аймағы.
• Ең зиянды жанармай түрі – дизель, екінші орында – бензин. Ең тазасы – электрлі транспорт.
• Ластанған атмосферада құстар тез ұшады әрі әуелете ән салады.
• Қына нағыз ауа тазалығының индикаторы (көрсеткіші).Табиғатта алуан түрлі ерекше ағзалар бар. Олар – қыналар (саңырауқұлақтар мен балдырлар қосылған ағзалар).
  Бұл ағзалар ауаның ластануын ерекшесезеді. Қыналардың өскен немесе өспегендігімен ауаның тазалығын саралауға болады.
  Егер ауа таза болса, ағаштардан немесе тастардан шоқ түпті қыналарды көруге болады. Ауасы ластанған жерлерде қыналар мүлде өспейді.

  Өзің тұратын жерді зертте. Ғаламтордан қыналар туралы мәліметтерді тап.

Сабақты қорытындылау

1. Ауа ластануының қандай түрлері болады?
2. Ауаның ең қауіпті ластануы қайсысы деп ойлайсың? Неліктен?

  Өзің тұратын жердегі ауаның жағдайы туралы ақпараттар тап.

×
×

Cart