Суда не ериді?

- түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттей аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Судың қандай қасиеттері бар?
2. Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады?
3. Суға қант қосса, неге оның дәмі тәтті болып кетеді?

Іңкәр зерттеу жұмысын ұсынады.

Зертте

  Мақсаты: судың заттарға әсерін анықта.
  Болжам жаса
  Болжамыңды мына сөздерден баста: «Суда еритін заттар …».
  Өз болжамыңды тексер
  1. Заттарды зерделеп қара. Олардың суда ерігіштігі туралы болжап айт.
  2. Колба алып (заттардың санына қарай), 50 миллилитрден су құй.
  3. Әр колбаға бір зат сал. Не болғанын бақыла.
  4. Заттары сумен араласпаған колбаларды кезек-кезек қыздыр (колбаны қысқыштармен отқа жақындатып, өте абайлап ұста).
  Енді не болғанын бақыла.
  5. Кестені толтыр.

  6. Нәтижелері сенің болжамыңды растады ма?
  Қорытынды жаса.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Судағы заттар өзара әртүрлі әрекеттеседі.

  Заттардың суда немесе басқа еріткіште еру қабілеті ерігіштік деп аталады.

  Кейбір заттар суда тез ериді, оларды еритін заттар деп атайды. Ондай заттар сумен әрекеттесіп, ерітіндіге айналады.
  Ал кейбіреулері қалыпты жағдайда суда нашар ериді. Жағдай өзгерген кезде (мысалы, температура) бұл заттардың да ерігіштігі өзгереді.
  Кез келген жағдайда суда ерімейтін заттар да бар. Оларды ерімейтіндер деп атайды.

Сызбаға қара. Ғалымдар заттардың суда еру дәрежесін қалай анықтайтынын оқы.

Қызықты деректер

• 22 наурызда Дүниежүзілік су күні аталып өтеді. Бұл мерекені 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Жер бетіндегі барлық адамға қоршаған орта мен адамзаттың дамуы үшін су көздерінің аса маңызды екенін ескерту мақсатында бекіткен.
• Ең таза су Финляндияда.
• Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалар судан тұрады. Ең суы көп ағза – медуза. Оның ағзасының 99%-ы – су.
• Су тіршілік көзі болғанымен, аса қауіпті. Әлемдегі аурудың 85%-ы су арқылы тарайды.
• Негізінен таза су мұздақтарда болады.
• Адам өмір бойы шамамен 35 тонна су ішеді.
• Ешбір қоспасыз таза су –240 С суытқанда да сұйық күйінде қалады.
• Үнді мұхитындағы Ява аралындағы Цитарум өзені дүниежүзіндегі ең лас өзен деп саналады.

Сабақты қорытындылау

1. Ерігіштік деген не?
2. Қандай жағдайда кейбір заттардың ерігіштігі артады?
3. Заттар ерігіштігіне қарай қандай топтарға бөлінеді?
4. Теңіз суын ауызсу сияқты пайдалануға бола ма? Болжамыңды айт.
5. Неліктен суды үнемдеу қажет?

×
×

Cart