§54. Қазақстанның атмосфералық алабы мен су ресурстарының экологиясы
(Қосымша оқу үшін)

Ауаның құрамын еске түсіріңдер. Атмосфераның төменгі қабаттарында газдардан басқа қандай құрамбөліктер болады? Ауаға қандай зиянды өндірістік қалдықтар түседі?
Қазақстанның ең iрi өзендерi мен көлдерiн атаңдар. Осы су нысандарының қайсысы бiздiң елдiң аумағында, қайсысы шегарааралық нысандар болып табылады? Бұлардың қайсысында iрi өнеркәсiптiк нысандар орналасқан? Бұл су экожүйелерiнiң бiздiң ел үшiн қандай маңызы бар?

  Ауа алабы ең алдымен оған түскен ластаушы заттарды өте тез үлкен аумаққа тарата алуымен ерекшеленедi. Атмосфера ластаушылар табиғи да, жасанды да болуы мүмкiн. Жанартаулар, орман өртi, шаңды борандар т.б. табиғи ластағыштар рөлiн атқаруы мүмкiн. Жасанды ластағыштар негiзгi үш себептен: қазандар мен зауыттардың өнеркәсiптiк шығарындылары; автокөлiк және ядролық сынақ салдарынан радиоактивтi ластану шығарындылары және атом электр стансысы шығындалуы немесе апатынан тұрады (8-кесте).

8-кесте. Атмосферадан түсетін агенттерге арналған шекті рауалы концентрация (ШРК)

  Қазақстанның 20 iрi қалалары мен өнеркәсiптiк орталықтарда ауа алабының ластануын бақылауға үнемi талдау жасалады. Ол ауа алабының жоғары дәрежеде ластанатынын дәлелдедi. Сондай-ақ негiзгi көздердiң қалалар және өнеркәсiптiк орталықтар (тұрақты ластаушылар), автокөлiк (тез қозғалатын ластағыштар), ракеталық және сынақ полигондары, орман мен дала өрттерi, өндiрiлетiн орындарда газ және мұнай өнiмдерiн жағу екенiн көрсеттi. Республика бойынша бiр тұрғынға есептегенде жылына орташа 163 кг әр алуан химиялық қосындылар атмосфераға шығарылады. Бұл көрсеткiш Атырау облысында 279 кг-ға дейiн, Павлодарда 547 кг, ал Қарағанды облысында тiптi 793 кг-ға дейiн жеткен.
  Негiзгi ластандырушылар (олардың мәнiнiң кему ретi бойынша) экономикалық әрекеттердiң мына түрлерi болып табылады:
  • өндiрiс және электр энергиясын тасымалдау, газ және су;
  • өңдеушi өнеркәсiп;
  • металлургиялық өнеркәсiп;
  • кен қазушы өнеркәсiп;
  • энергетикаға қажеттi материалдарды өндiру;
  • шикi мұнай және табиғи газ өндiру;
  • көлiк және байланыс.
  Өнеркәсiптiң жеке салаларының үлесi атмосфераға ластандыратын заттардың жиынтық шығарындысы суретте көрсетiлген (50-сурет). Ауа алабын ластау бойынша iрi кәсiпорындардан Балқаш тау-металлургиялық комбинаты (19,7% шығарынды) және «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ (15,9%) көшбасшы болып тұр.

50-сурет. Атмосфераны ластайтын заттардың жалпы шығарындыларындағы өнеркәсiп саласының үлесi

  Қазақстанның сулы экожүйесiне жерүстi суларының алуан түрлi типтерi – өзендер, көлдер (тұщы және тұзды), суқоймалар, Каспий теңiзi бөлiгi, бөгендер, арналар және торапты су таратушылар, сондай-ақ жерасты сулары мен мұздықтар жатады. Жерүстi суларының жалпы жиынтығы 100,5 км³-тен тек қана көршiлес республика аумағында қалыптасады, қалған көлемi көршiлес мемлекеттерден: Қытайдан (18,9 км³), Өзбекстаннан (14,6 км³), Ресейден (7,5 км³) және Қырғызстаннан (3,0 км³) келедi (51-сурет).

51-сурет. Қазақстан Республикасының су ресурстарының көрші елдерге байланыстылығы

  Қазақстан сумен қамтамасыз ету жөнiнен ТМД-да ең соңғы орында. Мұнда 1 км²-қа 37 мың м³-тен және бiр адамға есептегенде жылына 6 мың м³ су дұрыс келедi. Мұның үстiне ел аумағы бойынша су ресурстары аса бiркелкi орналаспаған. Тұщы сумен ең қамтамасыз етiлмеген облыс – Шығыс Қазақстан (1км²-қа 290 мың м³) облысы. Маңғыстау облысында дерлiк тұщы су жоқ. Қазақстанда өзен ағыны булануға шығындалып, суқоймалар мен өзен арналарына сүзiлiп кетедi (12 км³/жылына).
  Қазақстанның жерүстi суы орташа ластанған деп есептеледi, алайда Ертiс және Оралды химиялық, мұнай өңдеу, машина жасау кәсiпорындарының өнеркәсiптiк ағындары үнемi ластайды. Суы аз өзендердiң iшiнде Ақмола облысындағы Нұра және Шерубай-Нұра сынаппен өте ластанған.
  Жерасты суларының қоры гидрогеологтардың болжамы бойынша, Қазақстанда 45 км³ деп бағаланады, олардың тұщы суы 10 км³-ке жуық 1 г/литрге дейiн минералданған. Оларды өнеркәсiп өндiрiсiнде пайдалану және ауылшаруашылығына қажеттiлiк, сондай-ақ ауызсуға және емдiк мақсатқа пайдалану дәрежесi әзiрге онша емес, жылына 7,9%-ға ғана айқындалады. Қазақстанда 700-ден астам әлеуеттi жерасты суларының ластану көздерi бар екенi анықталды. Олардың 241-i осы сулардың химиялық күйiне тiкелей әсер етедi. Ең көп мөлшерде ластанған су көздерi Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан айқындалды.

51-сурет. Қазақстан Республикасының су ресурстарының көрші елдерге байланыстылығы

  Қазақстанда қайтымды суды тазалау және пайдалану проблемасы – жинағыш-кәріздiк, өнеркәсiптiк, ауылшаруашылық және тұрмыстық проблема шешiмiн тапқан жоқ. Республика бойынша олардың көлемi 9 млн км³-ке жуық. Оның өзiнде 2 млн км³ Сырдария (47%), Ертiс (34%), Iле (8%), Нұра (5%) алаптарына қайтадан құйылады. Тiптi биiк таулар мұздығындағы су қоры химиялық ластануға душар болуда. Бұдан басқа тұщы су қорына антиэкологиялық, қырсыздық қатынастарға мысалдар бар. Мәселен, ХХ ғасырдың 80-жылдарында Жамбыл облысының оңтүстiгiнде суаруға пайдаланылатын су шығымын арттыру үшiн мұздықтың еруiн қолдан тездетуге әрекет жасаған.

  Су экожүйелері, қайтымды су, ауа бассейні.

×
×

Cart