Жылуөткізгіштік

- жылуөткізгіштікті зерттей білесің.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Жылу дегеніміз не?
2. Неліктен жылу Жер шарындағы тіршілік үшін аса қажет?
3. Жасанды жылу көздерінің құралдарын ата.
4. «Жылу» сөзіне синквейн құрастыр.

  Әсел топтық жұмыс ретінде тәжірибе жасауды ұсынады.

  Мақсаты: жылы заттардың суық заттарды жылытатынын дәлелдеу.
  №1 тәжірибе
  1. Стақанға суық су құйып, оған қасықты салыңдар. Қасық қандай күйге түсті?
  2. Екінші стақанға ыстық су құйып, оған да қасық салыңдар. Қасық қайтті?
Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

№2 тәжірибе
  1. Стақанға суық су құйыңдар.
  2. Стақанға термометр салып, температураны өлшеп жазыңдар.
  3. Енді стақандағы суық судың үстіне ыстық су құйыңдар. Тағы да термометр салып, температураны өлшеп жазыңдар.
  4. Стақандағы суға тағы да ыстық су құйыңдар. Тағы да термометрмен өлшеп жазыңдар.
  5 Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Жылу энергиясының бір қасиеті – ол ыстық денеден суық денеге жылдам өтеді. Егер ыстық суды 250С температурадағы бөлмеге қойса, ол біртіндеп осы температураға дейін төмендейді, ал бөлме температурасы сәл көтеріледі. Жылу дегеніміз – энергияның берілу тәсілі:
  Жылу энергиясының берілуінің үш тәсілі бар: жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару. Жылу ыстық денеден суық денеге немесе ыстық бөліктен суық бөлікке ауысады.

  Жылуөткізгіштік – бұл жылу энергиясының түрлі денелерде таралуы және оның (энергияның) дененің қызған бөлігінен салқын бөлігіне қарай берілуін айтады.

  Егер ыстық сұйыққа металл қасықты салып қойсақ, тез арада оның сабы ысиды. Сұйық қасықтың ыстыққа түскен бөлігін қыздырады. Жылу қасықтың бойымен жоғары көтеріледі.

  Конвекция деп сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы жылу энергиясының берілуін айтады.

  Жылу көзі шәугімдегі суды жылуөткізгіштігінің арқасында түбінен бастап ысытады. Су ысып жоғары көтеріледі де, суық су төмен түсіп ысиды.

  Сәуле шығару – бұл жылу энергиясының кеңістікте таралу үдерісі.

  Міне, сондықтан да радиаторға қол тигізбей-ақ, оның жылуын сезуге болады. Барлық заттар сәуле шығарады. Зат ыстық болған сайын жылу энергиясын көп бөледі.
  Жаздың ыстық күнінде ашық түсті киім адамдарды күнге күйіп кетуден сақтайды.
  Бірдей температурадағы ақ түсті затқа қарағанда қара түсті заттар жылу энергиясын көп бөледі. Міне, неліктен автомобильдер мен тоңазытқыштардың радиаторларын қара түске бояйды, себебі олар тез сууға көмектеседі.
  Тоңазытқыштан шыққан бәліш сол температурада тұрған құмырадағы сүтке қарағанда жылы сезіледі. Ал алақанның жылуы бәлішке қарағанда құмыраға тез өтеді. Бәліштің ауа көпіршіктері көп. Ауа жылуды нашар өткізеді.

Сабақты қорытындылау

1. Жылу өткізгіш деп қандай үдерісті айтады?
2. Қолыңда бірнеше минут ұстап тұрған тиын неге ысиды?
3. Терезелерге неліктен екі қабатты әйнек салады деп ойлайсың?

×
×

Cart