Түрлі материалдардың жылуөткізгіштігі

- түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттей аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Жылуөткізгіштік деген не?
2. Қыста біз неге жылы киім киеміз?
3. Неліктен еденге қарағанда төбеде жылырақ болады деп ойлайсың?

Нұрәлі жұптық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер

  №1 зерттеу жұмысы
  Мақсаты: Түрлі материалдардан жасалған заттар жылуды әртүрлі өткізетінін анықтау.
  Болжам жасаңдар
  Болжамдарыңды мына сөздерден бастаңдар: «Егер барлық заттар …».
  Болжамдарыңды тексеріңдер
  1. Стақанға ыстық су құйыңдар.
  2. Оған ағаш қасық пен темір қасық салыңдар.
  3. 2–3 минут күтіңдер.
  4. Екі қасықты да қолдарыңа алыңдар. Нені байқадыңдар?
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

  №2 зерттеу жұмысы
  1. Үстелге екі ыдыс қойыңдар: шыны ыдыс және керамика ыдыс.
  2. Осы ыдыстарға ыстық су құйыңдар.
  3. 2–3 минут күтіңдер. Ыдыстар қандай болды? Салыстырыңдар.
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

Білу үшін оқы

  Сынап пен қорғасыннан басқа металдардың жылуөткізгіштігі суға қарағанда жүз есе артық.
  Ыстық су құйылған стақанға металл тоқыма бізін салсақ, ол тез арада қызып кетеді.

Кестеге қара. Есіңе сақта.

  Түрлі қатты денелердің жылуөткізгіштігі әртүрлі болады.

Олжас топтық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер

  Тәжірибе жұмысы
  Мақсаты: сұйықтың жылуөткізгіштігі қандай екенін анықтау.
  Тәжірибе
  1. Шыны пробиркаға су құйыңдар.
  2. Оның жоғары жағын қыздырыңдар. Жоғары жағындағы су тез арада қайнай бастайды.
  Пробирканың түбіндегі су қандай күйде болады?
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Май мен спиртке қарағанда су жай қызады.
  Спирт жылуды өте жақсы өткізеді.
  Газдар жылуды нашар өткізеді.
  Жылытқыш өзінің айналасындағы ауаны қыздырады. Жылы ауа суық ауаға қарағанда жеңіл болғандықтан, төбеге тез көтеріледі. Жылы ауаның орнын суық ауа басады. Суық ауа да жылыған соң, төбеге көтеріледі. Осылайша бөлме ауасы жылынады.
  Сұйықта да жылу осылай таралады.

Қызықты деректер

  Матаның жылуөткізгіштігі
  Біз неліктен ыстық ыдысты ұстау үшін матаны қолданамыз? Мата – талшықтардан тұратын ауасы бар кеуеккеректі күрделі құрылым. Матаның жылу өтуіне жол бермеу қабілеті оның кеуектерінің болуына байланысты. Кеуектер арқылы жылу шығып, ауамен араласып кетеді.
  Яғни мата жылуды нашар өткізеді, соңдықтан суықтан жақсы қорғайды.

Сабақты қорытындылау

1. Неліктен суық кезде құстар қауырсындарын қопсытып сілкінеді?
2. Неліктен кастрөл, таба және т.б. ыдыстардың құлағын ағаштан немесе пластмассадан жасайды деп ойлайсың?
3. Қандай етік аязда аяқты тоңдырмайды? Тар аяқкиім бе әлде кең аяқкиім бе?

×
×

Cart