Түрлі материалдардың электр- өткізгіштігі

- түрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттей аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Электрөткізгіштік деген не?
2. Неліктен адамға ток керек деп ойлайсың?
3. Дәстүрлі және дәстүрлі емес электр энергия көздерін ата.
4. Жұмбақтарды шеш.

1. Бассаң түймесін,
   Шашады сәулесін.

3. Түнде жүрсең күндіздей,
   Жағар әркім үйге үзбей.
   Жарық берер әлемге
  Тиіп кетсең білгізбей..

2. Түнде үйге ерек нұр
   Шашып тұрды …

Әсел жұптық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер

  №1 тәжірибе
  Мақсаты: қай заттардың электр тогын өткізетінін анықтау.
  1. Электр тізбегін құрастырыңдар.
  2. Қысқыштары бар ток сымын алып, оны мыс пластинаға жалғаңдар. Нені байқадыңдар?
  3. Содан кейін барлық жұмысты күміс шығыршықты кішкентай қысқышпен жасаңдар. Нені байқадыңдар?
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

  №2 тәжірибе
  Мақсаты: барлық заттардың электр тогын өткізетіндігін немесе өткізбейтіндігін анықтау.
  1. Электр тізбегін құрастырыңдар.
  2. Шыны сынығын алып, қысқыштары бар сыммен, содан кейін пластик сынығымен жалғаңдар. Нені байқадыңдар?  
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

  №3 тәжірибе
  Мақсаты: қай сұйықтың электр тогын өткізетінін анықтау.
  1. Электр тізбегін құрастырыңдар.
  2. Қысқыштары бар сымды ыдыстағы суға салыңдар. Нені байқадыңдар?
  Шам (лампочка) жанды ма?
  3. Осы суда үш қасық тұзды ерітіңдер. Сымдармен жасаған жұмыстарыңды қайталаңдар. Нені байқадыңдар?
  Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен талқылаңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Электрөткізгіштік – бұл дененің немесе заттың токөткізгіштік қасиеті.

  Заттарды электрөткізгіштігінің күрделілігіне қарай үш топқа бөлуге болады: өткізгіштер, электр тогын өткізбейтіндер (диэлектриктер немесе оқшаулағыштар), шала өткізгіштер.
  Өткізгіштерге металдар, қышқыл ерітінділері, сілтілер мен тұздар жатады.
  Күміс пен мыс электрді жақсы өткізеді, олардан кейін алтын, хром, алюминий, маргенец, вольфрам. Темір, сынап пен титан токты нашар өткізеді.
  Егер күмістің электрөткізгіштігін 100 деп алсақ, мыстың өткізгіштігі – 94, алюминий – 55, темір мен сынап – 2, ал титан – 0,3. Электр өткізбейтіндерге ағаш, шайыр, пластмасса, шыны, қағаз, кәріптас жатады.
  Электр өткізбейтіндер оқшаулағыш ретінде қолданылады. Электр құралын розеткаға қосқан кезде сымның ішінде ток болса да, біз оны сезбейміз.
  Сым өткізгіш пен өткізбейтін оқшаулағыштан тұрады. Өткізгіш – бұл күміс немесе алтын металл жіпшелер, олар сымның ішінде болады, ал ток өткізбейтін оқшаулағыш оның сыртын қаптап тұрады. Олар жұмсақ пластиктен, резеңкеден және т.б. жасалады.

  Электрөткізгіштік деңгейін көрсететін диаграммаға қара. Сабақта өткен материалдарды пайдаланып, оны дұрыс толтыр.

Алюминий, күміс, титан, темір мен сынап, мыс.

Сабақты қорытындылау

1. Электрөткізгіштік деген не?
2. Неліктен кейбір заттарды өткізгіштер деп атайды?
3. Адам ток диэлектриктерді қалай пайдаланады?

×
×

Cart