Пайдалы қазбалар деген не?

- кейбір пайдалы қазбалардың қолданылатын саласын анықтай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер және тапсырмаларды орында

1. Табиғи ресурстар деген не? Олар қандай болады?
2. Неліктен адам табиғи ресурстарсыз өмір сүре алмайды?
Болжап айт.
3. Жұмбақтарды шеш.
    1. Жазу жазып жалықпаған,
        Жаза-жаза арықтаған.
    2. Төрт қырлы, өзі аппақ,
        Тақтадағы ізі аппақ.
Шешуіне кластер құрастыр.

  Суреттерге қараңдар. Мына заттардың неден жасалғанын анықтап көріңдер.

  Адамдар бұл материалдарды қайдан және не үшін алғанын болжап айтыңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

 Саябақта, театрда, үйде, қай жерде жүрсең де, адам қолымен жасалған заттардың ортасында жүресің. Біреулері металдан, ал енді біреулері пластмассадан жасалған, ғимараттар кірпіш пен темірбетон блоктардан тұрғызылып, тастақталармен қапталған. Бұлардың барлығын жасау үшін адамдар пайдалы қазбаларды пайдаланады. Пайдалы қазбаларды Жер қойнауы мен оның бетінен өндіреді.

  Адамдар Жер қойнауы мен оның бетінен өндіретін тау жыныстары мен минералдар шаруашылықта пайдаланылады және пайдалы қазбалар деп аталады.

  Жер қыртысындағы пайдалы қазбалар әртүрлі орналасуы мүмкін. Кейбіреулері тереңде жатады. Оларды өндіру үшін адамдар терең құдықтар – шахталар жасайды немесе терең ұңғымалардан бұрғылап алады. Сұйық күйдегі пайдалы қазбалар бұрғылау арқылы алынады. Ал кейбіреулері Жер бетінде немесе соған жақын жатады. Оларды өндіру едәуір жеңіл. Кен орны – жер бетіндегі немесе қойнауындағы пайдалы қазбалардың (минералдық заттардың) шоғыры.
  Физикалық құрылымына қарай пайдалы қазбалардың бірнеше түрі бар: қатты (көмір, мәрмәр, тұз), сұйық (минералды сулар, мұнай), газ тәрізді (гелий, метан).

Топқа бөлініңдер. Пайдалы қазбалардың түрін анықтаңдар.

  1-топ
  Сызбаға қараңдар. Пайдалы қазбалардың қандай күйде болатынын анықтаңдар.

  2-топ
  Сызбаға қараңдар. Пайдалы қазбалар қасиеттеріне қарай қандай топтарға бөлінетінін анықтаңдар.

  Жанғыш пайдалы қазбалар жанғыш қасиетке ие. Жанған кезде жылу бөледі.
  Кенді пайдалы қазбалар – бұлар арнайы өңделген кезде металдар алынатын тау жыныстары.
  Кенсіз (металл емес) пайдалы қазбалар – кенсіз әрі жанбайды. Бұл пайдалы қазбалар құрылыста, тыңайтқыштар мен қышқылдар алуда қолданылады.

Сабақты қорытындылау

1. Пайдалы қазбалар деген не?
2. Неге оларды олай атайтынын түсіндір.
3. Барлық пайдалы қазбаларды қасиеттеріне қарай қандай топтарға бөледі? Мысал келтір.

×
×

Cart