Қосымша

1-қосымша

  Радиоактивті сәулеленудің адамға иондаушы әсерінің өлшемі рентген (Р) немесе зивертпен (Зв) өлшенеді, 1 Зв = 100 Р = 100 бэр (бэр – рентгеннің биологиялық баламасы). 1 зивертте 1000 миллизиверт (мЗв) болады.

  Көрнекілік және мысал үшін:
  1 рентген = 1000 миллирентген. (80 миллирентген = 0,08 рентген)
  1 миллирентген = 1000 микрорентген. (80 микрорентген = 0,08 миллирентген)
  1 микрорентген = 0,000001 рентген. (80 рентген = 80 000 000 микрорентген)
  80 Зв = 80 000 мЗв = 8000 Р.
  0,18 мкЗв/сағ = 18 мкР/сағ.
  80 мР = 800 мкЗ.
  Мысалға мынадай есептеуді алайық (миллирентген – сағатына рентген) #1:
  1. Сағатына 80 мР = 0,08 Р.
  2. 100 000 мР = 100 Р. (Статистика бойынша осындай сәулелену дозасын алған адамдардың 10%-ы 30 күннен кейін қаза табады. Белгілері доза алғаннан соң 3–6 сағаттан кейін байқалуы және бір күнге дейін сақталуы ықтимал. 10–14 күн ішінде өлім фазасы болады. Адам өзін нашар сезінеді, құсуы мүмкін, анорексия және шаршау сезімі байқалады. Иммундық жүйе зақымдалады, жұқпа қаупі артады. Ер адам уақытша ұрықсыз болады. Егер әйел адам жүкті болса, мерзімінен бұрын босанады немесе түсік тастайды.
  3. 100/0,08 = 1250 сағат/24 = 52 тәулік, сәулелік аурудың алғашқы белгілері пайда болуы үшін зарарланған үй-жайда немесе орында болу.
  Мысалға, мынадай есептеуді алайық (микрозиверт – сағатына микрорентген) #2:
  1. 1 микрозиверт ( мкЗв, μSv) – 100 микрорентген.
  2. Норма 0,20 мкЗв (20 мкР/с).
  Дүниежүзіндегі санитарлық норма – 0,30 мк3в-ге дейін (30 мкР/сағ).
  Яғни 60 микрорентген = 0,00006 рентген.
  3. Немесе 1 рентген = 0,01 Зиверт.
  100 рентген = 1 Зиверт.
  Мысалы:
  11,68 мкЗ/сағ = 1168 мкР/сағ = 1,168 млР.
  1000 мкР (1мР) = 10.0 мкЗв = 0,001 Р.
  0,30 мкЗв = 30 мкР = 0,00003 Р.

Дозаның негізгі шегі

2-қосымша

  Обыр дүниежүзіндегі өлімнің негізгі екінші себебі болып табылады; себебі 2018 ж. бұл аурудан 9,6 млн адам қайтыс болды. Обыр дүниежүзіндегі әрбір алтыншы өлімге себеп болып отыр.
  – Обырдан өлудің шамамен 70% жағдайы табыс деңгейі төмен және орташа елдерде орын алады.
  – Обырдан өлудің шамамен үштен бір жағдайы тамақтану әдебі мен рационына байланысты негізгі бес қауіп көзіне байланысты. Бұл: дене массасының жоғары индексі, көкөністер мен жеміс-жидектерді тұтынудың төмен деңгейі, дене белсенділігінің болмауы; темекі тарту және алкоголь ішу.
  – Темекі тарту обыр даму қаупінің ең маңызды факторы болып табылады, оның үлесіне әлемде обырдан өлудің 22% жағдайы сәйкес келеді.
  – Табыс деңгейі төмен және орташа елдерде обырдың 25%-ға дейінгі жағдайы обыр тудыратын гепатит және адам папилломасы вирусы (ВПЧ) сияқты жұқпалардан болады.
  – Медициналық көмекке аурудың кеш сатысында жүгіну және диагностиканың қолжеткіліксіздігі кеңінен таралған проблема болып табылады. 2017 ж. табыс деңгейі төмен елдің тек 26%-ы мемлекеттік секторда патологияны енгізу бойынша жалпыға қолжетімді қызметке ие екенін хабарлады. Тиісті медициналық қызметтің болуы туралы табыс деңгейі жоғары елдің 90%-ы және табыс деңгейі төмен елдің 30%-ы хабарлады.
  – Бұл ауыр дерттің экономикалық әсері күн санап өсіп жатыр. Обырдан жалпы жылдық экономикалық зиян 2010 ж. шамамен 1,16 трлн АҚШ долл. деп бағаланды.
  – Табыс деңгейі төмен және орташа бес елдің тек біреуінде обыр аурулары саласындағы саясатты жасау үшін қажет деректер бар.

(2018 ж. БДҰ деректері)

×
×

Cart