Пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді пайдалану жолдары

- пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді пайдалану жолдарын ұсына аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Қазақстан әлемде пайдалы қазбаларының сан жағынан нешінші орын алады?
2. Мемлекет аумағындағы кені орындарының орналасуын қалай анықтауға болады?
3. Пайдалы қазбалардың адам үшін маңызды екенін болжап айт.

  Мына заттарды жасау үшін қандай пайдалы қазбалар қажет екенін анықтаңдар.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Пайдалы қазбалардың адам үшін аса маңызды екенін білесің. Медицинада да, ауылшаруашылығында да, өндірісте де оларсыз мүмкін емес. Пайдалы қазбалар – бұл табиғи ресурстардың бір түрі, олар қалпына келтіруге болатын және қалпына келтіруге болмайтын ресурстар болып бөлінеді. Қалпына келтіруге болмайтын табиғи ресурстар – бұлар Жер шарымызда өте ертеде пайда болған, қазір мүлде жоқ минералдар. Сондықтан оларды қалпына келтіру мүмкін емес.
  Адамдар пайдалы қазбаларды үсті-үстіне пайдаланып жатыр, сондықтан олар жер қойнауында күннен күнге азайып барады. Мысалы, ас дайындау үшін табиғи газды жағамыз.

Карьер

  Газ жанып кетеді де, орнына қайта толмайды. Осындай ресурс қалпына келтіруге болмайтын ресурс деп саналады. Шындығында барлық пайдалы қазбалар қалпына келтіруге болмайтын ресурстарға жатады, сондықтан олардың таусылатын уақыты да болады.
  Егер пайдалы қазба жер бетіне жақын жатса, оны ашық тәсілмен өндіреді. Алдымен жердің беткі қабатын алып тастап, содан кейін пайдалы қазбаны өндіре бастайды. Осындай кен орнын игергеннен кейін жер бетінде үлкен шұңқырлар – карьерлер қалады. Сонымен қатар табиғи тепе-теңдік бұзылады.
  Жерастында тереңде жатқан мұнай мен көмірді алғаннан кейін жерасты қуыстары қалады. Бұл да аса қауіпті.
  Пайдалы қазбалар ұзақ жылға жету үшін, оларды өндіру қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін адамдар белгілі бір әрекеттер жасауы қажет.

Сызбаға қара. Пайдалы қазбаларды сақтау үшін не істеуге болатынын анықта.

Қызықты деректер

• Қазақстан аумағында алғашқы мұнай 1899 жылы қараша айында Атырау облысының Қарашұңғыл кен орнында өндірілді.
• Ең ірі алтын кен орны – Васильевское, ол Көкшетау қаласынан 17 км жерде. Бұл кен орнында алтын қоры 370 тонна.
• Қазір Қазақстан аумағында 1225 түрлі минерал шикізатынан тұратын 493 кен орын белгілі.
• Қазақстан барланған мырыш пен вольфрам қоры жөнінен бірінші орын алады, екінші орында – күміс пен қорғасын, үшінші орында – мыс.
• Ең ірі темір кен орны Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Ол Соколов-Сарыбай деп аталады. Оны 1949 жылы ұшқыш М. Сұрғұтанов ашқан.

Сабақты қорытындылау

1. Неліктен пайдалы қазбаларды сақтау қажет?
2. Пайдалы қазбаларды шектен тыс өндіру неге әкелуі мүмкін?
3. Пайдалы қазбаларды сақтаудың тәсілдерін болжап айт. Постер құрастыр.

×
×

Cart