Жыл мезгілдері несімен ерекшеленді?

- жыл мезгілдерін сипаттай аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Жердегі бір жылда неше күн бар?
2. Неліктен экваторда жыл мезгілі ауыспайды?
3. Қай күндерді күннің тоқырауы деп атайды? Олардың ерекшелігі неде?

Жұмбақтарды шешіңдер. Шешуіне кластер құрастырыңдар.

1-топ
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл-бәйшешек басады.

2-топ
Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.

3-топ
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.

4-топ
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Күнтізбе бойынша қыс 1 желтоқсанда басталады. Ал ғалымдар қыс 22 желтоқсанда басталады деп есептейді. Бұл күні Күн көкжиектен төмен көтеріледі, көлеңке ұзарады және ең қысқа күн болады. Табиғатта қыс әр жылы әртүрлі түседі. Нағыз қыс ауа температурасы 00С түскенде басталады, сулар қатып, жерге қалың қар түседі.
  Көктемнің алғашқы айы – наурыз. 21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін кезі. Осы күннен бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Температура көтеріліп, қар ериді, алғашқы гүлдер шыға бастайды.
  Жаз – жылдың ең ыстық мезгілі. Жазда Күн көкжиектен жоғары көтеріледі, күн ұзақ болады. 21 маусымдағы күн тоқырауынан кейін (бір-бірімен теңелгенше) күн қысқарып, түн ұзара береді.
  Күздің астрономиялық басталуы – 23 қыркүйек, күн мен түннің күзгі теңелуі. Осы сәттен бастап күн қысқа, түн ұзақ болады. Күзде Күннің сәулесінің түсуі мен жылуы азаяды.
  Жыл мезгілінің ауысуы Күн мен Жердің жағдайына байланысты болады. Жер эллипс түріндегі орбита бойымен Күнді айналады.
  Сондықтан Жер Күнге біресе жақындайды, біресе алыстайды. Жер шарымыз Күнге қаңтар айында өте жақын келеді. Жер Күнге жақындаған сайын Оңтүстік жартышарға жарық көп түсіп, жаз шығады да, Солтүстік жартышарда бұл кезде қыс түседі.
  Біздің ғаламшарымыз шілде айында Күннен алыстайды, сондай-ақ Жер шары өз жұлдызынан алыстаған сайын Солтүстік жартышардағы елдер жарық пен жылуды мол алады да, ол жерде жаз шығады, ал Оңтүстік жартышарда керісінше қыс түседі.
  Жыл мезгілдерінің ауысуына жер өсінің көлбеулігі де әсер етеді. Егер бұл көлбеулік болмағанда, Жерде жыл мезгілдері ауыспас еді.

Сызбаға қара. Жылдың әр мезгілінде Күн Жердің үстінде мынадай түрде өзгереді.

Сабақты қорытындылау

1. Жыл мезгілдері бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
2. Жер Күнге қай кезде жақын: қыста ма, жазда ма?

×
×

Cart