СУРЕТШІЛЕР ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

  Суретшілер қандай да бір іс үстіндегі адам дар ды бейнелейді, сондай-ақ адамдардың өзара қарым -қатынасы мен адам и құндылықтары айқын көрінетін жеке қасиеттерінеде ерекше көңіл бөледі.
  Адамдардың адамгершілік, ізгілік қасиеттері ұлтына, дініне және тағы басқа сенімдеріне бағынбайды. Қай кездеде адалдық, ерлік, әділдік, достықты бағалау, еңбекқорлық, сүйіспеншілік, қамқорлық сынды қасиеттер жоғары бағаланады. Суретшілер адамдардың арақатынасын, достығы мен сүйіспеншілігін, нәзіктікті, яғни адамдар арасындағы сезімді туындылары арқылы көрсетеді.

1. Сен қандай құндылықтарды білесің?
2. Әдемілікті құндылыққа жатқызуға бола ма? Жауабыңды түсіндір.

Е. Сидоркин. Ана мен бала

М. Бекеев. Әтеш

В. Серов. Балалар

  1. Мына туындыға назар аудар.
  2. Суретші картинасы арқылы не айтқысы келген?
  3. Суретшілер басты адами құндылықтарды қандай әсерлегіш құралдар арқылы көрсетеді?

  Егер сен достарың мен отбасыңның қандай да бір іспен шұғылданып жатқанын, мектептегі не көшедегі адамдардың суретін салғанды ұнатсаң, онда ол тұрмыстық жанр туындыларына жатады.
  Айналаңа назар аударып қана қоймай, адамдардың арақатынасы туралы , оларды не байланыстыратынын да ойлан (достық, қамқорлық, адалдық, сүйіспеншілік, парыз). Бұлардың бәрі басты адами құндылық тарға
жатады. 
Егер сен ішкі сезіміңді түс, сызық, пішін, композиция арқылы көрсете білсең, жасаған жұмы сың ерекше әсерлі көрінеді. Ала йда ондай туындылар сал у үшін көп нәрсе біліп, үйренуің керек.

×
×

Cart