Сен музыка тыңдауды ұнататын болсаң, онда сол әуендердің ішінде көңілді, мұңды, салтанатты және өте
нәзік лирикалық әуендердің болатынын білесің. Нәзік, бірқалыпты әуендерге қанық емес ашық түсті бояулар сәйкес келеді. Ал салта натты және көтеріңкі көңіл күйді білдіретін марш және мерекелік әндерге ашық түсті, қанық бояулар лайық. Қанық түстер мен олардың үйлесімі салтанатты , көңілді көрінеді.
Егер сен мерекелік көңіл күйді, еңбек үстіндегі адамдарды, көңілді әуенді бейнелегің келсе, қанық түсті бояуларды таңдағаның дұрыс.