АШЫҚХАТТАРДЫ БЕЗЕНДІРУ ӨНЕРІ

1. Өзің білетін жанр түрлерін есіңе түсіріп, оларды ата.
2. Бейнелеу өнерінің жанрлары не нәрсеге арналғанын айт.
3. Сені қай жанр туындылары қызықтырады?

  Сен өзіңе жақын адамдарға сүйіспеншілігің мен ықыла сыңды ашықхаттардың көмегімен білдіре аласың. Ерте кезден
бері адамдардың мереке қарсаңында бір-бірін ашықхаттар арқылы құттықтау дәстүрі бар. Ашықхаттар әр ал уан мереке-мейрамдарға, атап айтқанда, Наурыз, Жаңа жыл , туған күн, қыз-келіншектер күніне арналып жасалынады. Ашықхатты ешбір себепсіз де беруге болады. Жақын адамыңа ізгі тілегің мен жылы сөзіңді жазып, көңілін көтерудің өзі бір ғанибет емес пе!

  Алғашқы ашықхаттар 18 ғасыр да Францияда пайда болды деген пікір бар . Алайда ең алғаш Жапонияда пайда болған дейтіндер де табылады. Олар ағашқа жасал ған түрлі түсті гравюраны ойлап та бумен тығыз байланысты екен. Содан бері жапон гравюрасының шеберлері суримоно стилімен біршама шедеврлерді жасады. Жапондар бір-бірін сакураның гүлдей бастауымен, күзде жапырақтың түсуімен, алғашқы қар және айдың толуымен және т.б. себептермен құттықтайды.

×
×

Cart