ӘРІП ТАҢБАСЫНЫҢ ӘСЕРЛІ МҮМКІНДІКТЕРІ. СИҚЫРЛЫ ӘРІПТЕР

  Сен бұған дейін ашықхат жасасаң да, ондағы жазу үлгілеріне назар аудармаған боларсың? Әріпте суреттің бір түрі, сөз де суретке жатады. Себебі олар белгілі сызықтардан құралады. Ал сен сызықтар өте әсерлі бола алатынын білесің. Демек, әркімнің өз қиялына қарай әріптерді де сурет сал ғандай әсерл еуге бола ды екен. Алуан түрлі үлгіде жазылған әріпке қарашы.

1. Суретт егі «А» әріптері неге ұқсайды?
2. Ол та ғы қандай нәрсеге ұқсауы мүмкін?
3. Ал фавиттегі басқа әріптерді неге ұқсатасың?

  Суретшілер кітаптар да, кат , жарнамалар да көзге оттай басылуы үшін әртүрлі графикалық суреттерді қолданады.

  Сурет сабағында мәнерлеп жазуды көрсетуге тамаша мүмкіндік бар, яғни әріптер мен сөздер арқылы белгілі бір көңіл күйді, мінез-құлықты көрсетуге болады. Мына әріптерге қарашы. Олардың әрқайсысының көңіл күйін, мінезін анықтауға тырыс. Әріптерден сөз құралады. Сөздер де әріптер тәрізді әсерлі бола алады. Мына сөздерге қарап, суретші қай сөздерді әсерлеп, қайсысын әсерлемей жазғанын анықта.

  Түсініксіз сөз ойлап тауып, оны үш рет жаз. Біріншісінде нәзіктікті, екіншісінде ашуды, үшіншісінде шаттанған көңіл күйді білдіретін әріптермен жаз. Жазған сөздеріңді достарыңа көрсет. Олар түсініксіз сөз арқылы не айтқыңкелетінін ұғар ма екен? Әріптердің әсерлілігі туралы қорытынды жаса.

×
×

Cart