Ұлттық төсеніш түрлері

1. Ұлттық ою-өрнек түрлерін есіңе түсіріп, оларды ата.
2. Олар нені білдіреді?

  Алуан түрлі төсеніш бұйымдары киіз үйдің ішіне жылылықпен қатар әсемдік те береді. Кез келген төсеніштің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Түкті және тықыр кілемдер арнайы жабдықталған құрылғылар да тоқылады. Жіптер алдын ала қажетті түстерге боялып, кілемнің ою-өрнек үлгісі дайындалады. 
  Киіз сыртынан желкөтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрл ері де көп. Шаңыра қта желбау деп аталатын бау болады. Ол желді күні шаңырақты бастыруға, көшкенде байлауға аса қажет. Жай күндері үйге әсемдік, көрік беріп тұрады.

  Алайда көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз – малдың жүнінен қалың, тығыз етіп басылған төсеніш. Ол қыста жылы, ал жазда ыстықтан қорғайды әрі таза. Киізден әртүрлі бұйым жасау – қазақ халқының ежелгі кәсібі.Тықыр кілемдердің ішінде киізден жасалған текемет, сырмақтың рөлі ерекше. 
  Текемет – бетіне түрлі түстіою-өрнек басылған үй төсеніші.
Бұл төсеніш түрі күрделі сатылардан тұратын пісіру әдісімен дайындалады. Ши бетіне бірыңғай түсті жүн қалың етіп тартылып, басқа түске боялған жүннен ою түсіреді. Одан кейін бетіне ыстық су себіліп, шиге еппенда, әрі-бері домалатып, нығыздалады. Одан әрі киіз әбден «піскенше» бірнеше тәсіл қолданылып, толық біткен кезде текеметті жар қыраты п күнге жайып қояды. Киіз басу тәсілі бір болғанымен, текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болады да, жергілікті көркемдік ерекшеліктері анық көрініп тұрады.

Мына текеметте қандай ою-өрнек түрлері қолданылған?

Сырмақ – ою бастырып немесе жиектері өрнектеліп сырылған сәнді төсеніш. Сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт . Алдын ала оның көлемін, оған салы натын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады. Сырмаққа арналған киіздің оң бетін еденге жаяды. Таңдап алынған ою-өрнектердің қағаз бен теріге түсірілген үлгісін киіздің үстінеп, сол үлгінің ізімен өткір пышақпен не қайшымен қиып алады да, сырмақ бетіне салады. Оң беті қара киізден ойылған болса, оның ортасы ақ киіздің ортасына түседі. Ою жапсарларының үстінен боялған жиек бастырады. Оны жиектеу дейді. Оюларын жиекпен басып болған соң, сырмақты астар төсеп сыриды. Сырылып болған соң, сырмақтың шеттерін тегістеп қиып, шетіне жиек бастырады.
  
Ши тоқу үшін арнайы қамыстан дайындалған ши қажет. Жүннен иірілген түрлі түсті жіптермен геометриялық өрнек сала отырып, ши шыбықтары бір-біріне жалғанып тоқылады. Осылайша төзімді әрі әдемі өрнекті ши тоқылады.

  1. Текемет, сырмақ, шиге мұқият назар аударып, онда қолданылған өрнектерді сипатта.
  2. Қалай ойлайсың, өрнектердің сызық, пішіндері нені білдіреді?

  Байқаған боларсың, халқымыздың ұлттық төсеніштері алуан түрлі. Олар бір-бірінен тек дайындалу тәсілімен ғана емес, сондай-ақ сыртқы түрімен де ерекшеленеді. Сырмақтардың өрнегі анық болса, текеметтің өрнектері көмескіленіп тұрады. 
  Түкті кілем, тықыр кілем, алаша, сырмақ, текеметтер геометриялық және жан-жануарлардың дене бөліктерін бейнелейтін өрнектермен әшекейленеді.
  Төсеніш түрлерін бастыру тәсілі ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Киіз баса отырып, қыз-келіншектер ән шырқап, әзіл-күлкілерімен бұл рәсімді той-думанға айналдырады.

×
×

Cart