ӘЖЕ САНДЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗЫНА

  Ертеректе жаңа киімдер, асыл бұйым дар әжелердің құпиясы көп сандығында сақталатын. Енді сол ғажайып сандықта қандай қазына бар екенін көрейік. Біз оның ішінен әдемі әрі қызықты көптеген бұйым дар ды табамыз. 
  Әйелдердің киімі мен әшекей бұйым дары әсемдігімен ерекшеленген. Киімдерді негізінен тері, жүн, киіз бен қолдан тоқылған кенептен тіккен. Кейінірек бағалы маталар – жібек, атлас, барқыт қолданыла бастады.
  Әйелдер етегіне желбір жүргізіп, өрнектелген қос етекті көйлек, оның сыртынан ою-өрнектерм ен әшекейленген қамзол, салқын күндері шапан киген.

Г. Ысмайылова. «Қыз Жібек» фильміне эскиз

  Әйелдер қыс мезгілінде тон киген. Тонның жағасына, жеңіне бағалы аң терілері салынады. Қалыңдықтың жасауына міндетті түрде тон берілетін болған.
  Әйелдердің киімі қыздар дың киіміне қара ғанда қара пайым болған. Сәбилі болған әйел мойны мен иығын жауып тұратын ақ түсті матадан тігілген кимешек киген. Әйелдердің басқа киімі сияқты кимешекте оқаланып кестеленеді. Жас келіншектердің кимешектері егде әйелдердікіне қара ғанда бары нша сәнделеді.
  Алайда қалыңдықтың киімінің орны бөлек. Ұзатылаты н қыздар ға сәукеле кигізіп, ақ желек жабады.

Н. Загрибельная. Ұлттық киімдегі әйел

Б. Зәуірбекова. Сәукеле киген қыз

  Сәукеле тігу көп еңбекті талап етеді. Сондықтан оны қыз дүниеге келгеннен бастап әзірлей баста ған. Сәукеленің бағасы кейде бірнеше түйенің құнына бара бар болған. Сәукеле қамқа, дүрия, торғын сияқты маталармен қапталады. Алтын, күміс, інжу, маржан тәрізді асыл тастармен әшекейленіп, әртүрлі жіптермен безендіріледі. Сәукеленің төбесіне үкі тағылады. Ерте кезде сәукелесіне қарап-ақ қалыңдықтың шыққан жерін дәл білетін болған. Сәукеленің биіктігі қалыңдықтың дәрежесін көрсеткен.

×
×

Cart