Ерлердің ұлттық киімі

  Адамдар күнделікті өмірде жеңіл әрі ыңғайлы киімдерді киеді. Алайда қазақ ұлттық киімдері көз тартарлы қәсемдігімен сан ғасырдан бері маңызын жоғалт пай келеді.      Қысы суық, жазы ыстық климат та өмір сүрген халқымыз киімдерін де күнделікті тұрмыс пен өмір салтына, дала жағдайларына ыңғайластырып киетін болған.
  Қойдың терісінен тігілетін тон – қыстың суық күндерінде киетін, таптырмайтын жылы киім. Жағасына, жеңіне сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады.

Жылы күндері ерл ер де әйелдер тәрізді шапан киген. Әйелдердің шапанына қарағанда олар тік пішімді келеді. Ыстық күндері шапан ыстықтан, кешке сал қыннан қорғайды.Қара пайым адамдардың шапаны жай мата дан, ауқатты адамдардың шапанының жағасы, өңірі, жеңі зерне жібек жіптермен, әсем өрнектермен безендіріледі. Олардың көпшілігі әлі күнге дейін мұра жайларда сақтаулы .
  Ауқатты адам дар бағалы матадан тігілген киімдерді кигені белгілі. Алайда тұрмысы әртүрлі деңгейдегі адамдардың киімдері тек мұным ен ерекшеленбеген. Мысалы, баскиіміне қарап-ақ адамның тұрмыс жағдайын білген. Қазақ халқының баскиімдері жасына және қоғамдағы орнына қарай өзгешеленген.

Тымақ – биік төбелі, ма ңдайы, екі құлағы, желке мен жота ны жауып тұратын артқы етегі бар жылы баскиім. Оны аңның терісінен тігеді. Тымақты әлі күнге дейін ересек адамдар да, жастар да киеді.

Жазда адамдар ақ киізден тігілген, қою түсті ою-өрнек салынған баскиім – қалпақ киген. Қыста жылы, ал жазда күннің шыжыған ысты ғынан қорғайды.

Ерлер де, әйелдер де, балалар да кие беретін баскиім түрлері. Тақия – кестелеп, сырып тігілген дөңгелек, жеңіл баскиім. Ал бөрік жұқа киізден төрт немесе алты сай етіп пішіледі. Бөрікке ешқандай өрнек, әшекей салы нбайды. Себебі бағалы аңның терісі онсыз да құлпыры п тұра ды.

Ежелден қазақта баскиім аса қадірленіп, қасиетті саналған. Оны біреуге беруге, айыр бастауға, аяқ астына тастауға болмайды. Оның өңін ішке қаратып не теріс қаратып кимейді. Өйткені адам бақыты мен ыры сы кетеді деп ойлаған.

×
×

Cart